Кеме жүзетін терендік — кемелердің суға белгілі мөлшерде бата отырып өтуі мүмкін болатын су жолының терендігі. Фарватердің ұзындығы бойындағы ең кіші Кеме жүзетін терендік нормаландыратын тереңдік деп аталады. Кеме жүзетін терендікті арнаулы қызметкер-мамандар әрбір өзен, көлдегі кайраңдарды, су астының иірімдері мен жартастарды белгілей отырып картаға және журналдарға бойлық және ширектерге түсіреді. Олардың негізгі мақсаты, жүк, кәсіпшілік, арнайы қызмет кемелерінің ауырлық салмақтарын, жүк тасымалдау мүмкіндігін, флотты пайдалануға байланысты міндеттерді есепке алу арқылы кеме жүзетін тереңдікті анықтау больп табылады. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.

Дереккөздер

Санат:Ғылым Санат:Су шаруашылығы