thumb|The Las Vegas Strip World of Coca-Cola museum in 2003 thumb|200px|Бір стақан «Кока-Колаға» арналған тегін купон, 1888 жыл thumb|1941. , Канада. Coca-Cola (қаз. Кока-кола) — The Coca-Cola Company компаниясы шығаратын әлемдегі ең танымал алкогольсіз сергіткіш сусындардың бірі. 2006–2010 жылдар аралығында әлемдегі ең үздік бренд болып танылған. Бүгінгі таңда сусын әлемнің 200-ден астам елінде сатыладыҚазақ тілі терминдер сөздігі I том. thumb|right|50px
Тарихы Сусынды 1886 жылдың 8 мамырында АҚШ-тың Атланта қаласында (Джоржия штаты) фармацевт Джон Стит Пембертон ойлап тапқан. Сусынның атауын және әйгілі бейнелі логотипін Пембертонның есепшісі Фрэнк Робисон ойлап тапты.
Бастапқыда сусынның негізгі компоненттері кока жапырағы (үш бөлігі) және кола жаңғағы (бір бөлігі) болды. Сол кезеңде кокаиннің зияны туралы деректер болмағандықтан, сусын жүйке бұзылуларына қарсы дәрі ретінде дәріханаларда сатылды.
1888 жылы Пембертон өндіріс құқығын сатады. 1892 жылы кәсіпкер Аса Григгс Кэндлер «The Coca-Cola Company» компаниясының негізін қалады.
1903 жылы кокаиннің зияны туралы қоғамдық пікірден кейін, сусын құрамындағы кока жапырақтарынан кокаин толықтай шығарылатын болды. 1915 жылы дизайнер Эрл Р. Дин сусынның ерекше пішінді шөлмегін ойлап тапты.
Coca-Cola Кеңес Одағына алғаш рет 1979 жылы Мәскеу Олимпиадасына дайындық кезінде келді. 1988 жылы ресми сауда нарығына шықты.
Компания 1928 жылдан бері Олимпиада ойындарының тұрақты демеушісі. Сондай-ақ, 1974 жылдан бастап ФИФА-ның серіктесі және 1978 жылдан бері Футболдан әлем чемпионатының ресми демеушісі болып табылады.
Денсаулыққа әсері және балама қолданылуы Зерттеулерге сәйкес, сусын құрамындағы ортофосфор қышқылы ағзадағы кальцийдің сіңуіне кедергі келтіріп, бүйректе тас пайда болу қаупін арттыруы мүмкін.
Қышқылды ортасының жоғары болуына байланысты, сусын тұрмыстық жағдайда тат пен қақты (накипь) кетіру үшін жиі қолданылады.
Әлемдік спорт қозғалысын қолдаушы 1960 жылы Токио қаласында өткен олимпиадада «Кока-кола» Токио және Жапониядағы тегін қала карталары, қаланың көрнекті жерлері мен көше көрсеткіштерін басып шығаруды мойнына алады.
1979 жылы «Кока-кола» АҚШ-тың Ұлттық олимпиада комитетінің Америка олимпиадалық атақ залының құрылуына қаржылық көмек көрсетеді. 1987 жылы «Кока-кола» Ұлттық олимпиада комитетімен келісімге қол қойып, Лозанн қаласындағы олимпиадалық мұражайының алғашқы демеушілерінің бірі болады.
Әлем футбол чемпионатын қолдаушы 1992 жылдан бастап «Кока-кола» компаниясы олимпиада алауының эстафетасын ұйымдастырушы және демеушілерінің бірі болып табылады. 1974 жылдан бастап «Кока-кола» ФИФА-ның ресми серіктесі, ал 1978 жылдан бастап футболдан әлем чемпионатының ресми демеушісі. 2010 жылы футболдан әлем чемпионатында Претория қаласында әлем бойынша 250 жасөспірімдерді жинап, балаларға арналған лагерь ұйымдастырады.
Сусынның құрамы Сусынның әр нұсқасының құрамы әртүрлі болып келеді. Ол әсіресе диеталық нұсқасында аз мөлшерде кездесетін көміртекке байланысты. Мұнда «классикалық» нұсқадағы Coca-Cola нұсқасы берілген.
Сусынның компоненттері: қант көміртек диоксиді (Е290) бояғыштар: қант коллері (Е150), кармазин (азорубин) (Е122) ортофосфор қышқылы (Е338) кофеин табиғи хошиістендіргіштер
+ Тағам құндылығы Энергетикалық құндылығы42 ккал Ақуыздар0 Майлар0 Көмірсулар10 мг Натрий<11,0 мг Калий1,0 мг Кальций4,0 мг Магний1,0 мг Фосфоршамамен 17 мг
Өнімді дайындау технологиясы өндірушілер тарапынан қатаң құпия сақталады.
Қызықты деректер Чилидің Арика қаласында Coca-Cola-ның әлемдегі ең үлкен логотипі орналасқан (ені 122 м, биіктігі 40 м). Ол 70 мың бос шөлмектен құрастырылған. Лас-Вегаста "World of Coca-Cola" атты арнайы мұражай жұмыс істейді. 2011 жылы National Geographic телеарнасы Coca-Cola сусынының зауытын, оның жұмыс істеуі мен дайындау құпияларын көрсетті. 1989 жылы Coca-Cola Мәскеудегі Пушкин алаңына өзінің сауда маркасын еңгізген ең алғашқы шетел компанияларының бірі болып саналады. «Coca-Cola-ның» ең үлкен белгісі Арика қаласында орналасқан. Белгінің ені ─ 122 метр, биіктігі ─ 40 метр. Ол «Coca-Cola-ның» 70 мың шөлмегінен тұрады.
Тағы қараңыз Пепси-кола The Coca-Cola Company Maxi Чай
Дереккөздер
Әдебиет Дэвид Грейзинг Я хотел, чтобы весь мир покупал Coca-Cola. Судьба лидера Роберто Гисуэта = I'd Like the World to Buy a Coke: The Life and Leadership of Roberto Goizueta — М.: Красивая страна, 2006. — С. 320. — 3000 экз. — ISBN 5-902898-01-3. Mark Pendergrast For God, Country, and Coca-Cola: The Definitive History of the Great American Soft Drink and the Company That Makes It — 2 ed. — Basic Books, 2000. — 621 p. — ISBN 0-465-05468-4.
Сыртқы сілтемелер
Санат:Алкоголсіз сусындар Санат:Coca-Cola Company өнімдері Санат:Америкалық сусындар