Алматы декларациясы немесе Алматы келісімі () — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) нысандары мен принциптерін қабылдаған декларация. Оның нәтижесінде КСРО ыдырауы өз мәресіне жетті де, ТМД құрамына Ресей, Беларусь пен Украинадан басқа тағы 8 тәуелсіз мемлекет қосылды.

Алматы келісімінен бұрын 1991 жылдың 8 желтоқсанында Ресей, Украина және Беларусь басшылары Кеңес Одағын таратып, ТМД-ны құру туралы Беловеж келісімінде келіскен еді. 1991 жылы 21 желтоқсанда Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украина басшылары Алматыда кездесті де, Алматы декларациясы атауын алған келісімге өз қолдарын қойған. Сол күні Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина арасында «Ядролық қаруға қатысты өзара шаралар туралы» аталған жеке шартқа да қол қойылған еді. Оның нәтижесінде сол елдердің ядролық қарулары Ресейге берілді.

Посткеңестік республикалар арасында қатыспай қалған тек Грузия (ол ТМД құрамына кейін кірді), Литва, Латвия және Эстония еді. Балтық теңізі маңындағы үш мемлекет қол қоюдан және ТМД құрамына кіруден мүлдем бас тартты, олар өздерінің елдері КСРО құрамына заңсыз енгізілді деп санайды.

Дереккөздер

Санат:ТМД Санат:Халықаралық конвенциялар Санат:21 желтоқсан Санат:Желтоқсан оқиғалары Санат:Әзербайжан халықаралық келісімдері Санат:Армения халықаралық келісімдері Санат:Молдова халықаралық келісімдері Санат:Қазақстанның халықаралық келісімдері Санат:Қырғызстан халықаралық келісімдері Санат:Тәжікстан халықаралық келісімдері Санат:Өзбекстан халықаралық келісімдері Санат:Түрікменстан халықаралық келісімдері Санат:КСРО ыдырауы