Ирредентизм - (латын. irredenta - азаттығы жоқ, terra - жер) — бір халық орналасқан, мемлекет мемлекеттік шекарамен бөлінген аумақтардың қосылуын көздейтін бағыт, қозғалыс.
Италиядағы ұлт-азаттық қозғалыс (XIX ғасырдың соңы — XX ғасырдың басы). Қозғалыс көрші аймақтарды (пталі.яндар тұратын Трентнно, Триест т. б.) Итальян патшалығына қосу ұранымен өтті. Басшылары — Ф. Каваллоттн, М. Р. Имбрианн. Дж. Бовпо т. б. Ирредентизм алғашқы кезеңде (XIX ғасырдың 70 жылдары—1900 жылдар) негізінен ұсақ буржуаздық республика элементтердің басын біріктірді. Кейінгі кезеңде (XIX ғасырдың соңғы жылдары — XX ғасырдың басы) Ирредентизмнің сипаты өзгерді. Ирредентизм ұранын итальян империалистік буржуазиясы Балнан мен Адриатикадағы жерлерді басып алу үшін кеңінен пайдаланды.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Дереккөздер
Санат:Ирредентизм Санат:Идеологиялар Санат:Саяси теориялар