The Rolling Stones (, тікелей аударғанда "дөңгелеген тастар", шын мәнінде, қаңбақ деген өсімдіктің атауы, ал бұл сөздің ағылшын сленгіндегі мағынасы — қаңғыбас) — британдық рок-топ, 1962 жылы пайда болған және көптеген жылдар бойы танымалдығы жағынан The Beatles тобымен бәсекелескен.
The Rolling Stones - Британдық рок-басқынның маңызды бөлігі деп есептелінетін және рок тарихындағы ең танымал, коммерциялық табысты топтардың бірі.. The Rolling Stones, топтың менеджері Эндрю Луг Олдэмнің жоспары бойынша, The Beatles тобының "бунтарлық" альтернативасы болуы керек болған көрінеді, ал 1969 жылдың өзінде американдық турненің қорытындысына қарасақ, "әлемдегі ең ұлы рок-н-ролл топтардың бірі» болып жарнамалана бастаған және (Allmusic-ке сенсек), өз мәртебелерін осы күнге дейін сақтап қалған.
The Rolling Stones тобының музыкалық стилі Роберт Джонсон, Чак Берри, Бо Диддли және Мадди Уотерс сияқты тұлғалардың ықпалымен қалыптасып, уақыт өте келе индивидуалдық ерекшеліктерге ие бола бастаған; нәтижесінде Джаггер-Ричардстың авторлық дуэті әлемдік мойындауға ие болды.
Топ Ұлыбританияда жиырма екі студиялық және сегіз концерттік альбомын (АҚШ-та, сәйкесінше, 24 және 9) шығарды. Ал топтың 22 синглы UK Single Chart тізімінің алғашқы ондығында болған, ал олардың сегізі хит-шерудің алғашқы қатарына шыққан; Rolling Stones Billboard Hot 100 тиісті көрсеткіштері — 28 и 8.
Rolling Stones альбомдарының бүкіл әлемдік таралымы 250 миллионнан асқанThe greatest show on earth: Top of the Pops takes a final bow — Features, Music — The Independent01men — Le top 20 des artistes les plus vendeurs, олардың 200 миллионы АҚШ-та сатылған екенhttp://www.reuters.com/article/entertainmentNews/idUSL1767761020080117.; бұл көрсеткіш бойынша, топ - әлемдегі ең табыстылардың бірі. 1989 жылы Rolling Stones Рок-н-ролл даңқ залына қосылған, ал 2004 жылы топ Rolling Stone журналы бойынша әлемнің барлық уақыттағы үздік 100 орындаушысы тізіміне кірген.
Топтың тарихы Мик Джаггер мен Кит Ричардс алғаш рет Дартфорд бастауыш мектебінде танысқан. Содан соң, жеті жылдай олар араласпаған, кейін Кит 1961 жылы Дартфорд теміржол вокзалында қолына бірнеше ритм-энд-блюз жазылған грампластинка ұстаған Микті кездейсоқ кездестірген екен.
Әңгіме барысында, олар екеуі де (рок-н-роллға қызығатын өзінің өзге қатарластарына қарағанда) блюз және ритм-энд-блюзбен қызығатындығы, екеуінің де Sidcup Art School суретшілер мектебінде оқитын Мик Тейлор деген ортақ таныстары бар екендігі анықталады. Кейін үшеуі бірігіп топ құруды және ол топты Little Boy Blue and the Blue Boys деп атауды шешіп, репертуаларында Чак Берри мен Бо Диддлидің бірнеше әнін айта бастайды.
Брайан Джонс Челтенхемде туып, өседі. Өзінің көп қатарластарына ұқсап, ол да скиффлмен, кейінірек традпен ("дәстүрлі джаз") қызығады. Джонс Чарли Паркердің жазғандарының ықпалымен саксафон мен кларнетте ойнауды үйренеді, уақыт өте гитараны да үйреніп алып, жергілікті Trand Band, Dixielanders пен Delta Jazzmen топтармен қосылып, өнер көрсете бастайды. 1959 жылы Брайанның 16 жастағы дос қызы жүкті болып қалып, кейінгі айқай-шудан соң мектебін тастап, Скандинавияға заңсыз қашып кетуіне тура келеді, ол жақта жазы бойы гитарада ойнап ақша таба бастайды. Үйіне қайтып келген соң, Брайан блюзге қызығады, бірақ өзіне пікірлестер іздеп, Лондонға көп баруына тура келеді. Ал 1962 жылы ол Пол Пондпен (кейінірек ол Manfred Mann тобында Пол Джонс есімімен жүреді) танысады және оның Odin's Big Secret тобына қосылады.
Құрамның қалыптасуы Біраз уақыт өткен соң, британдық блюздің негізгі насихатшысы Алексис Корнер өзінің Blues Incorporated (топтың барабаншысы Чарли Уоттс еді) тобымен "Ealing" клубында өнер көрсетуін жиілетеді. Брайан Джонс Алексис Корнермен танысып, оның тобына сессиялық музыкант ретінде қосылып, әр демалыс сайын слайд-гитарада Элмо Льюис есімімен ойнай бастайды.
1962 жылдың сәуірінде Микк Джаггер мен Кит Ричардс "Ealing" клубында болып, ондағы Брайан Джонстың оларға өте қатты әсер еткен орындауын көреді де концерттен соң онымен танысады. "Илингтің" күнде қонағына айналған олар, кейінірек Алексис Корнермен да танысып, оған өздерінің әуесқой әуен-жазбаларын тыңдауға береді. Біраз уақыт өткен соң, Blues Incorporated тобы "Marque Clubта" да ән айта бастайды. Бұл клубта олардың қатарында алғашында Мик Джаггер вокалист ретінде, кейін Кит Ричардс гитарист ретінде көріне бастайды.
Брайан Джонс сол уақыттың өзінде өзінің ритм-энд-блюз тобын жасақтау үшін шешім қабылдағандығы туралы "Jazz News" газетіне хабарландыру береді. Хабарландыруға бірінші болып пианист Иэн Стюарт құлақ түреді. Кейін олар Брайан Джонс екеуі дайындыққа кірісіп кетеді. Маусым айында Мик пен Кит су жаңа топтың дайындықтарының бірінде болады, содан кейін ол екеуінің де осы топтың құрамында ойнайтындығы шешіледі.
1962 жылы 12 шілдеде Blues Incorporated BBC арнасында өнер көрсетуге шақыру алады. Ал, сол уақытта топ "Marque" клубында да өнер көрсетуі керек болғандықтан, Корнер Брайанға, Микке, Китке, Иэн мен Дикке клуб сахнасына жеке шығуы туралы ұсыныс айтылады. Дәл сол концертте топ (құрамында барабаншы Мик Айвори де бар еді) алғаш рет өздерін Мадди Уотерстың 1950-жылғы бір әнімен атап, Rolling Stones болып өнер көрсетеді.
Дебют 1962 жылдың тамызында Дик Тейлор топтан кетеді, оның орнына The Cliffons тобындағы Билл Уаймен келеді, ал Айворидің орнына (ол кейінірек The Kinks-ке қосылады) Тони Чепмен шақырылады, бірақ көп ұзамай, оның орнына ол уақытта жарнамалық агенттікте қызмет ететін Чарли Уоттс келеді.
1963 жылдың басында топтың құрамы тұрақталып, 8 айға жуық "Crawdaddy" клубында "орнығады". Ол жерде олар өздеріне Эндрю Луг Олдхэмнің назарын аударады, ол, өз кезегінде, Stones тобын клубтың менеджері Джорджио Гомелескиден "сатып алып", өзінің қоластындағыларының, "таза" The Beatles тобына қарсы, "кір" имиджін қалыптастыра бастайды. Бір нұсқа бойынша, оның ұйытқы болуымен Стюарт, өзінің сыртқы келбеті өзге топ мүшелерімен үйлеспегендігі үшін, топтан шеттетілген екен. Басқа нұсқа бойынша, Олдхэм топтың құрамы әдепкі рок-топ үшін тым көп деп есептеген көрінеді. Бірақ, пианист топпен байланысын ешқашан үзген емес: сахнаның басты жұмыскерлерінің біріне айналып, өзі қайтыс болған 1985 жылға дейін топпен бірге концерттерді бірге өткізген.
The Rolling Stones Decca Records студиясымен келісімге қол жеткізген соң, маусым айында Британияда 21-ші орынға дейін көтерілген, өздерінің дебюттік "Come On" (Чак Берридің композициясын) синглын шығарады.. thumb|Ронни Вуд және Мик Джаггер Чикагода|right
Содан кейін "I Wanna Be Your Man" (Леннон-Маккартни композициясы) мен "Not Fade Away" (Бадди Холли, Британияда 3-ші орын мен американдық ТОП-50 ілінеді). Бұл уақытта The Rolling Stones өз елдерінде скандалды танымал жұлдыздарға айналып үлгерген-ді: Олдэмнің "кір" имиджге қойған басымдығы өзін ақтап шықты. Өздерінің дебюттік альбомдарын (Британияда альбом The Rolling Stones деп аталса, АҚШ-та - "England's Newest Hit Makers The Rolling Stones") шығарған соң, топ алғашқы американдық гастрольдік сапарында "Five by Five" EP жасап шығады. Өздерінің гастрольдік сапарларының соңына қарай, оларда алғашқы британдық чартоппер бар еді: "Little Red Rooster", Хаулин Вулфтың композициясы.
Дебюттік "The Rolling Stones" альбомы шыққан соң, Ұлыбританияда нағыз истерия басталды, концерттердің соңы қырғын төбелеске айналып отырды. Ағылшын рок-н-ролл тарихындағы ең шулы концерттердің бірі - осы топтың Winter Gardens Blackpool залындағы көрсетілімі. Қойылым барысында ашулы фанаттар шамдарды қиратып, "Стейнвей" роялін сындырып, концерт орнын нағыз қоқыс алаңына айналдырады, нәтижесінде жүзге жақын адам өз жарақаттарын ауруханада емдетуіне тура келеді. Музыканттардың сахнада пайда болуының алғашқы минуттарынан бастап, көрермен арасындағы эмоционалдық жағдай қиындап кеткендігі соншалық, концертті біраз үзе тұруға мәжбүр болған екен.
Осыдан кейін Олдэм топтың тек қана өз композицияларын жазып, орындауларын талап ете бастайды. 1964 жылы маусымда "Tell Me (You're Coming Back)" синглы американдық ТОП-40 қатарына кіріп, Джаггер-Ричардс жұбының хиттер сериясын бастап берді. Авторлық дуэттің мәртебесін "(I Can Get No) Satisfaction" (1965 жылдың жазы) супержұлдыздық деңгейге шығарды. Кейін классикалық деп танылған гитаралық рифф (басында, үрмелі секцияның дыбысталуын қайталаған) Rolling Stones тобының дәстүрлі блюз тамырларынан әлдеқайда алшақтап, өз даму жолына түскенінің дәлелі болса керек. Аталған сингл американдық "тізімдерде" 4 аптадан астам уақыт бойы алғашқы қатарда тұрды; одан кейін "ондыққа" ілінген "Get Off My Cloud", "19th Nervous Breakdown", "As Tears Go By", "Have You Seen Your Mother, Baby, Standing in the Shadow?" ілесіп отырды. thumb|The Rolling Stones (1965): Брайан Джонс, Чарли Уоттс, Мик Джаггер, Кит Ричардс, Билл Уаймен
1966 жылы The Rolling Stones өздерінің психоделияға экскурс жасауы арқылы The Beatles таңдаған радикалды даму жолына қарсы тұруға тырысты: топтың еш кавер-версиясыз жазған алғашқы альбомы Aftermath болды. Ол уақытта Брайан Джонс музыкалық бағыттардың әр түріне қызығып жүрген кезі болатын, және сол қызығушылықтың нәтижесі "Paint It Black" (ситар бұл жерде солист-аспапқа айналды) немесе "Going Home" секілді туындыларда көріне бастады.
Эклектикалық тенденциялар "Between The Buttons" (1967) сияқтыларда тіптен гүлдене түсті; сонымен бірге, бұл жерде топтың музыкалық дыбысталуы жеңілдей түсті, аранжировка - әсерлене бастады. Ал топтың поп-мейнстимге ілініп кетуіне екі ірі скандал кедергі жасады. Бірінші Джаггерге "Let's Spend the Night Together" өлеңін барынша түсініксіздеу орындауына тура келді, (олай болмаған жағдайда, топты BBC-де тыйым салу қауіп туды), сосын Джаггер мен Ричардс нашамен тұтқындалды; ал 3 ай өткен соң, Джонс та осындау оқиғаға тап болды. Үшеуі де шартты мерзім алса да, топ қоғамдық назардан кішкене алыстай тұруға мәжбүр болады, сондықтан "67-жылдың махаббат жазында" олар демалып жатты.
Джаггер өзінің құрбысы Марианна Фейтфулмен The Beatles тобының қатысушылары ұйымдастырған Үндістан сапарына қатысып, Махаришиге барады, содан кейін екеуі битлдардың халықаралық "All You Need Is Love" трансляциясында көрінеді. Осыдан The Rolling Stones тобының кейінгі "Dandelion"/"We Love You" синглдары поп-психоделиялық сипатта болғанынан таңданудың қажеті жоқ шығар. Эксперименттердің одан да радикалды формалары "Their Satanic Majesties Request" альбомында біліне бастады, бұл альбом "Sgt. Peppers"-ке жауап ретінде жазылған сияқты.
Топтың шығармашылығында психоделиялық кезең көпке созылмады. 1968 жылдың басында топ Эндрю Луг Олдэммен қоштасып, орнына Ален Клейнді шақырды, дәл сол уақытта өздерінің (жаңа техникалық деңгейдегі) тікелей рок-н-роллдық мотивтеріне қайтып оралды. Кейт Ричардс ашық баптауды қолдана бастады, соның арқасында топтың дыбысталуы тұйық әрі ауырлана түсті, бұл өзгерістің куәсі ретінде "Jumpin' Jack Flash" (#3, U.K. 168 жылдың мамыры) синглын атауға болады.
"Beggars Banquet" альбомы күзде шықты (бұған дейін бес айға созылған, альбомның мұқабасына қатысты скандал болды), - шыға салысымен музыкалық баспасөз альбомды шедевр деп бағалады. Бірақ, топтың дамуындағы жаңа дәуірдің тууы туралы айтқыза бастаған еңбек Брайан Джонстың жеке шығармашылық өмірінде финалдық болатынын ешкім білмеген болса керек, ол өзінің нашаға тәуелділігінен жұмыс барысынан тіптен алыстап кетті. 1969 жылы 9 маусымда гитарист топ құрамынан шықты, ал 3 шілдеде өз бассейнінде өлі күйінде табылды. Ресми түрде, өлімнің себебі кездейсоқ жағдай деп айтылды, бірақ бұл инциденттің төңірегіндегі алып-қашпа сөздер көп жылдарға созылды. Ол уақытта топта John Mayall's Bluesbreakers тобындағы жаңа Мик Тейлер есімді гитарист ойнап жүрді. Бірақ, ол топтың жаңа сингл-чарттопперы, Джонсты көмгеннен кейін бірнеше күннен кейін шыққан "Honky Tonk Women" жазылымына қатыспады, сосын алдыңғы жұмыстардағы дыбысталудың "тұйықталуы" мен оны ертедегі блюздің тұйық формасына жақындату линиясын жалғастырып, "Let It Bleed" альбомында бірнеше партия ғана ойнады.