Асхадулла Ғибадуллаұлы Хамидуллин (14 ақпан 1923 жыл – 13 қараша 2001 жыл) — қазақ жазушы және аудармашы. Абай шығармаларын зерттеп-насихаттаумен, ақынның Қазан баспаларында жарияланған туындыларын анықтаумен айналысып келеді.

Ол өзінің әдебиет пен өнер жайындағы мақалаларында Ғабдолла Тоқай мен Абай поэзиясының төркіні мен туыстығы туралы пікір қозғайды. «Сөнбейтін Тоқай жұлдызы» (1986) мақаласында: «Қазақ әдебиетіндегі Абай сияқты, Тоқай да татардың ұлттық поэзиясын дүн.жүз. және орыс әдебиетімен байланыстыра білді, оның бұқарашылдық бағытын кеңейтті, жалпы адамзаттық, гуманистік өнер деңгейіне дейін көтерді», – деп жазады. Хамидуллин екінші бір мақаласында: «Абай, одан кейінгі кезеңде Тоқай, екеуі екі заманда, екі аймақта өмір сүре тұрса да, татар әдебиетінің тарихында аса іргелі қызмет атқарғанын» атап өтеді.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер