Қытай тілі () — кең таралған тіл немесе тіл шоғыры (өзара ұқсас көптеген диалектілерден тұрады), Қытай Халық Республикасының хань (мандарин) қытай көпшілігі мен шағын ұлттары сөйлейтін тіл. Қытай тілі Қытай-Тибет тіл отбасысына жатады. Сондай-ақ қытай тілінде Индонезия, Камбоджа, Лаос, Вьетнам, Мьянма, Малайзия, Тайланд, Сингапур, Бруней, Гонконг, Макао, Филиппин, Жапония, Корея және әлемнің басқа бөліктерінде (30 миллионнан астам өзге ұлт өкілдері) сөйлейді. Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми және жұмыс тілдерінің бірі.https://www.un.org/en/our-work/official-languages
Қытай тілінің басты ерекшеліктері: Қытай тілінде төрт үн бар, мағына үн (тон) арқылы анықталады; әрбір иероглиф бір буын болып есептеледі; жалаң буынды сөздер жиі кездеседі, күрделі сөздер көп түбірден құралады, бірақ морфолагиялық түрлену болмайды; сөздердің орын тәртібі мен шылаулар қолданысы негізінде грамматикалық мағына айқындалады.
Тарихи жазбаларға қарағанда Қытай тілінің диалектілері мұнан 2500 жыл бұрын байқалған. Ұсақ диалектілер көп болғанымен, негізінен үлкен жеті топқа бірігеді: олар – Солтүстік, У, Шияң, Гань, Кыжия, Юэ және Минь. Қытай әдеби тілі солтүстік диалекті негізінде қалыптасқан. Осы тіл мен ортақ иероглиф болмаса әр диалектіде сөйлейтіндер бір-бірін еркін түсіне бермейді. 12–13 ғасырларда кітаби тіл – Байхуавин (жаңаша әдеби тіл мағынасында) қалыптасты, «Су бойында», «Оқымыстылар шежіресі», «Қызыл сарай түсі» сияқты көркем туындылар осы тілде жазылған. Қытай тілін жаңаша ғылыми түрде зерттеу Ма Дзянь Джунның «Ма Ши Вань ун» (1898 жылы) атты грамматикалық еңбегінен басталады.
Дереккөздер
Санат:Қытай тілі