Компаративтік әдіс - [латынша Comparatious - салыстырмалы] - салыстырмалы ғылыми зерттеу арқылы жалпы және ерекше құбылыстарды анықтау, қарастырылып отырған кезеңдегі даму үрдісін айқындау әдісі. Компаративтік әдіске жататындар: салыстырмалы әдіс (әртекті нысандарды салыстыра оты¬рып табиғатын ашу), тарихи-типологиялық салыстыру (тууы мен даму жағдайлары бірдей, шығу тегі жағынан түрлі құбылыстардың ұқсастығын түсіндіреді), тарихи-генетикалық салыстыру (құбылыстардың ұқсастығы - олардың шығу тегі жағынан жақындығының нәтижесі), т.б. Компаративтік әдіс - саясаттану ғылымында да кеңінен қолданылады.

Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 Дереккөздер

Санат:Саясат