Сағалық шытырман (вестибулярный лабиринт); (laby- rinthus vestibularis, грек, labyrinthus — шытырман, лат. vestibulum — саға,кіреберіс) — ішкі құлақ кіреберісіндегі бір-бірімен өзара эндолимфалық өзек арқылы жалғасқан сопақ және дөңгелек қапшықтары қабырғаларын құрайтын сүйектік және жарғақтық шытырман. Сүйектік және жарғақтық шытырмандар аралығындағы қуыста перилимфа сүйығы, ал жарғақтық шытырман қуысында эндолимфа сүйығы болады.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер

Санат:Биоморфология