Кардиомиоциттер ( kardia — жүрек, mys — ет, kytos — жасуша) — жүректің ортаңғы етті қабығы — миокардтың жасушалары. Қызметіне байланысты кардиомиоциттер жұмысшы және өткізгіш болып екі топқа бөлінеді.

Жұмысшы кардиомиоциттер — жүрек қабырғасының жиырылуын, жүректің соғуын қамтамасыз етеді, ал өтгізгіш кардиомиоциттер — жүйке жүйесінен келген жүйке толқындарын (импульстерін) жұмысшы кардиомиоциттерге жеткізіп, жүректің автоматизмін (өз бетімен жиырылуын) қамтамасыз ететін өткізгіш жүйені құрайды.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер

Санат:Жүрек-тамыр жүйесі