Райгүл Ахметжанова (1955 ж. т.), суретші, педагог. Ұлттық өнер түрлерін кеңінен насихаттап келеді. Ши тоқу, шимен өрнек салу саласымен шұғылданады. Абайдың 150 жылдық мерейтойына арнап әсем нақыш, жарасымды ою-өрнекпен жасаған бұйымдары қонақтарға сыйға тартылды. М. Әуезовтің шиден тоқылған портреті 1997 ж. Францияда Париж консерваториясында, Париж мэриясында көрмелерге қойылды. Арнайы тоқылған ұлы жазушының бейнесі (көлемі 150x120 см) сонда ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Федерико Майор мырзаға табыс етілді.Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар