Ғаламдық мәселелер - [франц. global - баршаға ортақ] - адамзаттың бұдан былайғы тағдыры және әлеуметтік дамуы шешілетін аса маңызды мәселелер жиынтығы. Қазіргі өркениетке тән құбылыс-ғаламдық қауіпқатердің әршуі. Олар әртүрлі және күннен-күнге үдей түсуде. Ғылыми әдебиеттерде бұл мәселелер үш топқа жіктеледі:
1. Халықаралық қатынастар саласымен байланысты мәселелер: Соғыс және бейбітшілік мәселелері; Этнологиялық мәселелер; Дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жеңу мәселесі; Космос пен Әлемдік мұхитты бейбіт игеру мәселелері; 2. Жеке түлға мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты мәселелер: Демографиялық мәселе; Аштық пен тоя тамақтанбаумен күрес мәселесі; Ғылыми-техникалық дамудың жағымсыз салдарын жою мәселелері; аса қауіпті індеттерді жою мәселесі; Рухани ортаны және адамзаттың мәдени әркелкілігін қорғау мәселесі; 3. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа байланысты мәселелер: Экологиялық; Шикізаттық; Энергетикалық; Ауа райы және т.б. мәселелер.
Ғаламдық мәселелерді шешудің басты шарты - әлемдік қауымдастықтың мақсатты түрде келісілген саясат жүргізуі. Оның мынадай стратегиялық аса маңызды екі бағытын атап көрсетуге болады: ғылыми-техникалық саясат және қазіргі халықаралық қатынастарды реформалау. Алғашқысы экологиялық, шикізаттық, энергетикалық және т.б. қолданбалы сипаттағы мәселелерді шешуге ғылыми-техникалық алғышарттар жасауды, ал, екіншісі әлемдік қауымдастықты әділ демократиялық негізде реформалауды көздейді.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 Тағы қараныз Ғаламдық мәселелер бойынша ғаламдық конвенция Бүкіләлемдік кезекшілік институты Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы Ғаламдық апат Ғаламдық қауіпсіздік
Дереккөздер
Санат:Ғаламдық мәселелер