Шахан - Қарағанды облысы Шахтинск қаласына қарайтын кент.
Географиялық орны Шерубайнұра өзенінің оң жағалауында, Шахтинск қаласынан солтүстікке қарай 12 км-дей, Қарағанды қаласының оңтүстік-батысында 35 км-дей жерде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен120208289 7466 90,1 3991 3552 89 4298 3914 91,1
Тарихы Іргесі 1950 жылы Қарағанды көмір алабының батыс қанатын игеруге байланысты қаланған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Кәсіпорындары Кентте “Санно” ЖШС-і, су, электр энергиясымен қамтамасыз ететін “Арман” мемлекеттік кәсіпорны, Қарағанды аудан энергетика кәсіпорнының бөлімшесі, “Энергосервискомпания” ЖШС-і, 60-қа жуық шағын бизнес нышандары жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Кентте 2 мектеп, балабақша, кітапхана, мәдениет үйі, өнер мектебі, 2 емдеу мекемесі бар. Шахан Қарағанды, Абай, Саран, Шахтинск қалаларымен автомобиль жолдары арқылы байланысады.
Дереккөздер
Санат:Шахтинск қалалық әкімдігі елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері