Гумер Баширов (7.01.1901, Татарстан - 7.05.1999, Қазан), татар жазушысы, қоғам қайраткері.

Соғыс кезіндегі ауыл өмірін суреттеген «Намыс» (1948) романы үшін 1951 ж. Мемлекеттік сыйлық алды. Роман қазақ тіліне (1954) аударылды. Ол Әуезовпен жақсы таныс, кітаптарына қолтаңба жазып сыйлаған, пікір-ой алмасып жүрген. Әуезов өзінің «Кейбір ұлт жазушыларының романдары» (1950) деп аталатын мақаласында «Намыс» романын жоғары бағалайды. «Баширов романының кейіпкері Нафиса образы қаһармаңцық еңбек арқылы барлық жағынан толық берілген. Роман композициясын тартқан сымдай тұтас құру жөнінде Баширов жақсы үлгі көрсетті. Башировтың кейіпкерлері алуан түрлі күреске бірден назар аударып, өздерінің жігер-қайратын жан-жаққа бытыратып жібермейді. Бұл романда жеке адамның өз істері мен қоғамдық істер бірімен-бірі мықтап ұштасып, роман бөлімдерінің ұзына бойына аралас жүріп отырады. Сондықтан да романдағы тартыстар шынайы суреттелген» деп, шығарманы түп нұсқасында оқыған жазушы көп ерекшеліктерін басқа ұлт жазушыларының романдарымен салыстыра отырып ашады. «КСРО халықтары әдебиеттерінің өркендеуі» деген еңбегінде: «Башировте тіл шеберлігі айқын, жарқын ұғымдылықпен үйлес келеді. Ол өз халқының жазба әдебиетіндегі жақсы дәстүрді татар деревнясындагы колхозшының шешен, шебер тіл байлығымен жақсы үйлестіріп, ке- лістіре пайдаланған», «совет дәуіріндегі тұрмысты шебер суреттейтін жазушы-романист» десе, «Орта Азия мен Қазақстан халықтары әдебиеттерін социализм дәуірінде дамуы туралы» мақаласында (Е. Лизуновамен бірге) татар жазушысын негізгі кейіпкерлермен қатар, қосымша персонаждарды да айқын, терең, бедерлі етіп суреттейтін шебер қаламгер деп бағалаған.Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8

Дереккөздер

Санат:7 қаңтарда туғандар Санат:1901 жылы туғандар Санат:Татарстанда туғандар Санат:7 мамырда қайтыс болғандар Санат:1999 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазанда қайтыс болғандар Санат:КСРО жазушылары Санат:XX ғасырдағы Ресей жазушылары Санат:Татарстан жазушылары Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Халықтар Достығы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:КОКП мүшелері Санат:Соцреалист-жазушылар Санат:КСРО жазушылар одағы мүшелері Санат:Татар АКСР-інің халық жазушылары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары Санат:Ғабдулла Тоқай атындағы Татарстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Татар зиратында (Қазан) жерленгендер Санат:Татар АКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттары