Программалар тобы (Группа программ; program group) — Windows 3.x ортасында — программа менеджері ішінде орналасқан қолданбалы программалар тобы. Нақты белгілері бойынша топтастырылған программалар жиыны ретінде қарастырылады. Бұлай топтастыру керек кезінде оларды жылдам іздеп тауып, тез іске қосу жұмыстарын жеңілдетеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер

Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника