Ирак (, ), ресми атауы – Ирак Республикасы (, ) — Оңтүстік-Батыс Азияда, Тигр және Евфрат өзендері бойында орналасқан мемлекет. Жер көлемі 444 мың км². Халқы 45 407 495 адам (2024).
Тұрғындарының 75%-ы арабтар, 20%-ы — күрдтер, қалғандары түрікмендер, ассириялықтар, парсылар, армяндар, т.б. Қала халқы 68,1% (1997).
Мемлекеттік тілі — араб тілі. Халқының 62%-ы — ислам дінінің шиит бағытын, 34%-ы сунит бағытын ұстанады. Астанасы — Бағдат қаласы (3 млн-нан астам).
1970 жылы қабылданған конституциясы бойынша Революциялық кеңестің төрағасы елдің Президенті және Жоғарғы Бас қолбасшы қызметін қатар атқарады. Заң шығарушы орган — бір палаталы Ұлттық кеңес, 250 депутаттан тұрады. Елдің ұлттық мейрамы — 17 шілде, Ұлттық Республика күні және Тәуелсіздік күні (1958). Ирак 18 провинциядан (мухафаз) тұрады. Ақша бірлігі — Ирак динары.
Географиясы thumb|left|250px Ирак — Қосөзен (Месопотамия) жазығындағы Тигр және Евфрат өзендерінің алқыбында орналасқан. Оңтүстік-шығысында Кувейтпен, Оңтүстігінде Сауд Аравиясымен, Батыста - Иордания және Сириямен, солтүстігінде - Түркиямен шекараласады. Оңтүстік-шығысында Парсы шығанығының суларымен жуылады.
Аумағы — 437.072 км².
Шекараларының жалпы ұзындығы 3.631 км: Иранмен шекарасы — 1.458 км, Иорданиямен — 181 км, Кувейтпен — 242 км, Сауд Аравиясымен — 814 км, Сириямен — 605 км, Түркиямен — 331 км.
Жағалауы: 58 км.
Ең биік жері — Қажы Ибраһим тауы (Haji Ibrahim) 3.600 м.
Климаты құрлықтық, жазы құрғақ және ыстық, қысы - жауынды және суық. Солтүстігінде климаты субтропикалық, оңтүстігінде тропикалық. Қаңтар айының температурасы 7 — 12ºС (тауларында қар жатады), шілде айында барлық жерінде 34ºС (кейде 48ºС жетеді). Жылдық жауын-шашын мөлшері 50-150 мм жазық жерлерде, таулы жерлерінде 1500 мм-ге жетеді.
Әкімшілік бөлінуі thumb|right|Ирак мухафаздары Ирак 18 провинцияға (мухафаза) бөлінген.
+№МухафазаӘкімшілік орталығыАуданы,км²Халқы,адам (2011)City Population — Statistics & Maps of the Major Cities, Agglomerations & Administrative Divisions for all Countries of the WorldТығыздығы,адам/км² 1 Багдад Багдад 734 7 055 200 9611,99 2 Салах-эд-Дин Тикрит 24 751 1 408 200 56,89 3 Дияла Баакуба 19 076 1 443 200 75,66 4 Васит Эль-Кут 17 153 1 210 600 70,58 5 Майсан Эль-Амара 16 072 971 400 60,44 6 Басра Басра 19 070 2 532 000 132,77 7 Ди-Кар Эн-Насирия 12 900 1 836 200 142,34 8 Мутанна Эс-Самава 51 740 719 100 13,90 9 Кадисия Эд-Дивания 8 153 1 134 300 139,13 10 Бабиль Хилла 6 468 1 820 700 281,49 11 Кербела Кербела 5 034 1 066 600 211,88 12 Наджаф Эн-Наджаф 28 824 1 285 500 44,60 13 Анбар Эр-Рамади 138 501 1 561 400 11,27 14 Найнава Мосул 37 323 3 270 400 87,62 15 Дахук Дахук 6 553 1 128 700 172,24 16 Эрбиль Эрбиль 14 471 1 612 700 111,44 17 Киркук (Тамим) Киркук 10 282 1 395 600 135,73 18 Сулеймания Сулеймания 17 023 1 878 800 110,37 Барлығы 434 12833 330 60076,78+
Қалалары right|frame|Ирак картасы
АтыМухафазаАраб атауыХалқыUnless specified otherwise, the population number was obtained from the World Gazetteer.Эд-ДаурСалах-эд-Динالدور21 120Аль-АуджаСалах-эд-Динالعوجا8 383Эль-КаймАнбарالقائم180 700Эль-АмараМайсанالعمارة453 426АфакКадисияعفك48 258Эш-ШамияКадисияالشامية25 360БаакубаДиялаعقوبة411 867БагдадБагдадبغداد9 500 000БайджиСалах-эд-Динبيجي70 190БаладСалах-эд-Динبلد52 214БасраБасраالبصرة2 300 125ФаллуджаАнбарالفلّوجة850 992ХиллаБабильالحلة511 013ИскандарияБабильإسكندرية64 823Эль-КутВаситالكوت450 413МуктадияДиялаالمقدادية36 500Эс-СамаваМутаннаالسماوة155 103Эн-НаджафНаджафالنجف800 137НасирияДи-Карالناصرية251 095СулейманияСулейманияالسليمانية1 800 371ТаджиСалах-эд-Динلتاجي143 794ДахукДахукدهوك600 899ХадитаАнбарحديثة100 998ХалабджаСулейманияحلبجة80 000ХитАнбарهيت150 918КербелаКербелаكربلاء800 347ХанакинДиялаخانقين10 853КиркукКиркук كركوك1 200 000МосулНайнаваالموصل3 000 096СамарраСалах-эд-Динسامراء130 704Талль-АфарНайнаваتلعفر450 088Телль-КайфНайнаваتل كيف14 327ТикритСалах-эд-Динتكريت140 052Умм-КасрБасраأم قصر11 042Эд-ДиванияКадисияلديوانية466 800ЭрбильЭрбильأربيل1 800 636Эр-РамадиАнбарالرمادي700 373Эр-РутбаАнбарالرطبة130 116ЗахуДахукزاخو400 215Эз-ЗубайрБасраالزبير93 000
Табиғаты Басты өзендері — Тигр мен Евфрат (екеуі қосылып Шатт әл-Араб өз. деп аталады). Жерінің көпшілігі шөгінді және шалғынды топырақты, батыс жағы сары топырақты келеді. Ел территориясының негізгі бөлігі дала, оңтүстік-батысы — шөл және шөлейт, тау беткейлері мен өзен жағалары бұталы, сирек орманды келеді. Газель, жабайы есек, қасқыр, қабылан, т.б. аңдар мен көкқұтан, бірқазан, қоқиқаз т.б. құстар мекендейді.
Пайдалы қазбалары: мұнай мен газ, фосфорит, күкірт.
Тарихы thumb|right|200px thumb|right|200px Қазіргі Ирак аумағы — ежелгі мәдениет ошақтарының бірі. Осы жерде б.з.б. 4-мыңжылдықта шумер-аккад мәдениеті пайда болып, қала-мемлекеттер (Ур, Урук, Ашшур, Лагаш, Умма, т.б.) өркендеді. Б.з.б. 2-мыңжылдық басында Оңт. Месопотамияда Вавилон мемлекеті, Солтүстік Месопотамияда Ассирия мемлекеті құрылды. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасынан бастап бұл аумақ парсы патшаларына бағынышты болып, кейін ұзақ уақыт Иран, Парфия, Рим империялары арасында, артынан Иран мен Византия арасында таласқа түсті. 630 ж. Месопотамияны арабтар жаулап алды. Сөйтіп, ол 661 ж. Араб халифатының бір аймағына айналды.
762 ж. Бағдат қаласы салынды. Ирак жерін 11 ғ-да салжұқтар, 13 ғ-да Шыңғыс хан әулеті, 14 ғ-дың аяғында Әмір Темір басып алды. Әмір Темір мемлекеті ыдырағаннан кейін бұл аумақ түркі билеушілеріне кезек-кезек бағынып, 16 ғ-дың басында парсылардың Сефеви әулетінің қол астына өтті. Көп ұзамай Иран мен Осман сұлтандығы арасында Ирак үшін күрес басталып, 17 ғ-да түріктер Месопотамияны толығымен бағындырды. 17 ғ-дың орта тұсынан бастап елге ағылшын саудагерлері келе бастады. 18 ғ-да Англияның ықпалы күшейіп, 1779 ж. Бағдат және Басра қалаларында Ост-Индия компаниясының агенттіктері ашылды. 1860 жылдан бастап Ирак дүниежүзілік саудаға тартылып, шетке арпа, бидей, құрма шығарып тұрды. 1869 ж. Суэц каналы ашылғаннан кейін елге шет ел капиталы ағылып, барған сайын еуропалық мемлекеттерге тәуелділігі күшейді. Енді Месопотамия үшін Ұлыбритания мен Германия арасында күрес басталды.
1918 ж. Иракты Ұлыбритания жаулап алды. Ағылшындар елде әскери әкімш. орнатты да, жер-жерде көтерілістер басталды. Ағылшын армиясы ол көтерілістерді басып тастады, бірақ елге өзін-өзі басқару билігін беруге мәжбүр болып, 1920 ж. “ұлттық үкімет” құрды. 1930 ж. Ирак үкіметі Ұлыбританиямен шарт жасасты. Шарт бойынша ол формальді түрде тәуелсіздік алып, Ұлттар Лигасына мүше болды, бірақ оған ағылшын үкіметінің саяси, әскери, экономикалық бақылауы сақталып қалды. 2-дүниежүзілік соғыс басталысымен Ирак Германиямен дипломатиялық қатынастарды үзді (5.09.1939), бірақ 1941 ж. оңшыл топтар Германияның қолдауымен мемл. төңкеріс жасады. Дегенмен, төңкерісті көп ұзамай ағылшын әскерлері басып тастады. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін халық толқулары қайтадан күшейді. Елде ағылшындардың ықпалы төмендеп, оның орнына АҚШ-тың ықпалы артты. 1954 ж. И. үкіметі әскери көмек жөнінде АҚШ-пен, 1955 ж. 24 ақпанда Түркиямен шарт жасасты. Сөйтіп, Бағдат пактысының негізі қаланды. Халық көтерілістері одан әрі күшейді. thumb|left|200px|1958 жылғы революция Нәтижесінде 1958 ж. 14 шілдеде монархия құлап, республика жарияланды, 1958 ж. 24 наурызда ел Бағдат пактысынан шығатынын жариялады және өз территориясындағы шет елдің әскери базаларын жойды, агр. реформа жүргізіле бастады. Бірақ, халықтың тұрмысы жақсарған жоқ, ел ішінде көтеріліске шыққан күрд әскерлеріне қарсы әскери қимылдар жасалынды. 1968 ж. 8 ақпанда елде мемл. төңкеріс болып, үкімет басына Араб социалистік қайта өрлеу партиясы (БААС) келді. Шет елдің мұнай компанияларының бұрынғы кәсіпорындары халық меншігіне айналып, 1974 ж. 11 наурызда Иран Курдстанына автономия берілді. 1980 ж. қыркүйекте Ирак пен Иран арасында соғыс басталды. 1988 ж. 20 наурыздан бастап әскери қимылдар саябырсыды да, 1990 ж. 15 тамызда екі жақ келісімге келді, 17 — 22 тамыз аралығында Ирак өз әскерлерін Иран территориясынан шығарып әкетті. Екі ел өзара соғыс тұтқындарын алмастырып, қазан айында дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтірді. 1 тамыз күні түнде (1990 ж.) И. әскерлері Кувейтке басып кірді . 1994 ж. 10 қарашада И. өзінің Кувейттің тәуелсіздігі мен терр. тұтастығын толық мойындайтынын мәлімдеді. Осыдан кейін Ирак пен АҚШ арасы күрт шиеленісіп кетті. 1998 ж. 2 рет (ақпан және қараша айларында) екі ел арасындағы жағдай соғыс қаупіне алып келді. Осы жылы желтоқсан айында АҚШ және Ұлыбритания Иракты ракетамен бомбылады (“Шөлдегі дауыл” операциясы). Әскери қақтығыстар мен экон. құрсау елді аса қиын әлеум.-экон. жағдайға алып келді. Халықтың тұрмыс жағдайы күрт төмендеп кетті, азық-түлік, қаржы, дәрі-дәрмек жетіспеушілігі күшейді.
Ирак соғысы 2003 жылғы 20 наурыз — 1 мамыр — Саддам Хусейнді құлату, сондай-ақ кейіннен ешқашан болмаған жаппай қырып-жою қаруын жою мақсатында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мандатынсыз халықаралық коалиция әскерлерінің (негізгі қатысушылары – АҚШ пен Ұлыбритания) Иракқа басып кіруі ашылды. 1 мамырда Джордж Буш «Abraham Lincoln» әуе кемесі бортында: «Тиран құлады, Ирак азат!» – деп, соғыста жеңгенін жариялайды. Америкалық Джей Гарнер, кейін Пол Бремер Ирактың уақытша әкімшілігінің басшысы болды. 2003 жыл — Шиит экстремистік топтары мен Ирак Коммунистік партиясы астыртын әрекеттен шықты. БААС партиясы астыртын әрекетке түсіп, партизандық соғыс ұйымдастырады. 2003 жылы 22 шілдеде Мосулдың шетіндегі бір ауданда америкалықтар алдымен атыс кезінде Саддамның екі ұлы мен оның 14 жасар немересін өлтірді, содан кейін олар жасырынған үйді әуеден бомбалады. 2003 жылдың жазында партизан соғысы басталып, 2007 жылдың жазында ең жоғары шегіне жетті. 2004 жыл — Махди армиясының көтерілісі. 2006 жылы 30 желтоқсанда Ирактың бұрынғы президенті Саддам Хусейн асылып өлтірілді. 2008 жылдың соңына қарай халықаралық күштер мен Ирак полициясына қарсы шабуылдар мүлдем тоқтады. Террорлық шабуылдар жалғасып, нәтижесінде бейбіт тұрғындар зардап шекті. Көтерілісшілердің бір бөлігі өздерін заңдастырып, «сунниттік милиция» деп аталатын топтың мүшесі ретінде жалақы алды. Ирак Қарсыласуының қолбасшысы Иззат Ибрагим ад-Дуриді қолға түсіруге қанша тырысқанымен, жер астында қалуын жалғастырды. thumb|mini|2011 жылы 15 желтоқсанда Ирактағы АҚШ әскери миссиясының аяқталу салтанаты. 2010 жылғы 7 наурызда парламент сайлауы өтті, бірақ сайлау төңірегіндегі астыртын күрес нәтижесінде парламент жиналмады және үкімет құрылмады. Тек 10 қарашада ғана елдегі билікті партиялар мен топтар арасында бөлу туралы нәзік келісімге қол жеткізу мүмкін болды. 2011 жылы 15 желтоқсанда Бағдад халықаралық әуежайында АҚШ-тың Ирактағы әскери миссиясын аяқтау рәсімі өтті (). АҚШ Қорғаныс министрі Леон Панеттаның сөзінен кейін Ирактағы АҚШ қарулы күштерінің қос тілді туы түсіріліпU.S. ends Iraq mission. 15.12.2011, Ирактағы 9 жылға жуық уақытқа созылған әскери науқан символдық түрде аяқталды.
Азаматтық соғыс «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының кеңеюі нәтижесінде Иракта азаматтық соғыс басталды. 2016 жылдың 5 маусымында үкімет күштері мемлекет аумағының басым бөлігін азат етті.
Қақтығыс кезінде Ирак Күрдістанының қарулы күштері ДАИШ-ті қарулы бандиттік құрылымдардан азат етіп, Синджардағы бірнеше елді мекенді, соның ішінде мұнайлы Керкүтті уақытша басып алды.
2017 жылы 9 желтоқсанда Ирак ИМ-мен соғысты аяқтағанын жариялады.
Экономикасы