Бесіншітөбе – ежелгі қоныс орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері Отырар ауданы, Қоғам ауылынан оңтүстікке карай 2 км жерде.
Деректер 1970 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеген. Қазіргі орны диаметрі 80 м-дей сопақша төбе. Бұл төбенің ең биік жері 5 м (оңтүстік бөлігінде). Қонысқа кірер жол оның батыс бөлігінде орналаскан. Ол төбені солтүстік-батыс (биік) және оңтүстік-шығыс аласа бөліктерге бөліп тұр. Қыш ыдыстар (хум, екі ұстағышты құмыра, т. б.) сынықтары жинастырылған. Мұндай тұрмыста пайдаланылған заттар Қостөбенің (оңтүстік) жоғары кабаттарынан алынған бұйымдарға ұқсас. Бірақ Бесіншітөбеде 7-8 ғасырларға тән кыш ыдыстар ұшыраса койған жоқ.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Дереккөздер
Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері Санат:Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан қоныстары