Динатрондық эффект (Dyna(mis) — сила и трон) — электрондық соққылау әрекетінен электродтар бетінде (анодтан, тордан, коллектордан) болатын екінші ретті электрондық эмиссия салдарынан электровакуумдік аспаптар (мәселен, триодтардың немесе тетродтардың) тогының өзгеруі. Динатрондық эффект электрондық шамдардың күшейткіштік мүмкіндіктерін төмендетеді. Катодпен қосылған (пентодта) қосымша торды (қорғаушы немесе антидинатрондық) енгізіп, анод алдындағы кеңістікте потенциалды төмендету немесе тығыз электрондық шоқты қалыптастыру арқылы динатрондық эффектіні жояды. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника