Шөгінді таужыныстар түйірөлшемі (түйірөлшемдік құрамы) — шөгінді таужыныстарын құрайтын көлемі әр түрлі түйірлер мөлшерін өлшеу. Сынықты таужыныстарды жіктеуде олардың түйірөлшемдік құрамы негізге алынып псефиттер, псаммиттер, алевриттер (құмайттар) және пелиттер болып төрт түрге бөлінеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 Дереккөздер
Санат:Геология