Телефон аппараттарын (ТА) құру принциптері (). 1.Сөйлесу құралдарын тұрақты схемамен қосу аппараттары. Тұрақты схемасы аппараттар жергілікті телефон байланысы желілерінде қолданылады; 2.Сөйлесу құралдарын ауыспалы схемамен қосу аппараты. Бұл жерде сөзді тарату (беру) кезінде аппарат схемасына микрофон тізбегі жалғанады, ал қабылдау кезінде телефон тізбегі жалғанады. Ауыспалы схемалы аппараттар технологиялық телефон байланысында қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника