Базарбаев Тыныштық (1943 жылы туған, Түрікменстан) – кен инженері«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;. Саратов политехникалық техникумын (1971), Қазақ политехн. институтын (қазіргі ҚазҰТУ) (1985) бітірген. 1965 – 89 ж. Өзен бұрғылау басқармасында есепші, аға инженер, мамандар бөлімінің бастығы, кәсіподақ комитетінің төрағасы, 1989 – 90 ж. Маңғыстау газ өндіру басқармасы бастығының орынбасары, 1990 – 96 ж. Жаңаөзен тігін фабрикасының директоры, Технокөлік басқармасы бастығының орынбасары, 1996 – 2006 ж. «Өзенмұнайгаз» ААҚ тексеру комиссиясының төрағасы, мамандар бөлімінің бастығы. 2006 жылдан «Өзенмұнайгаз» өндірістік фирмасы директорының қоғамдық ұйымдармен жұмысы жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарады. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Базарбаев Тыныштық · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.