thumb|50px|Сыбызғы Сыбызғы — қазақтың үрмелі музыкалық аспабы. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 – 650 мм немесе 700 – 800 мм болады; 3 – 4 ойықты. Дыбыс қатары диатоникалық, көлемі 2 1/2 октава. Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық үшін ең сүйікті аспаптардың бірі болып саналады. Ол халық музыка өнерінің ажырамас бөлігіне айналды.
Тарихы Ежелгі заманнан бері сыбызғы шопандар арасында сүйікті аспап болған. Олар оны жайылым кезінде жалғыздықты сіңірмейтін құрал ретінде қолданды, ал кешкі үзіліс кезінде музыканттар оны ескі аңыздар - әндерді оқуға пайдаланды. Сыбызғышылар барлық үйлену тойларында және мерекелерде құрметке ие болды. Ысқырықтың кең қолданылуы оның қарапайымдылығымен байланысты.
XVIII—XIX ғасырлардағы этнографиялық еңбектерде сыбызғы жиі ауызға алынады. Ал мұның өзі сыбызғының сол кезде халық тұрмысында кеңінен қолданылғанына дәлел. Сыбызғы жайында капитан И. Андреевтің 1795 жылы жарық көрген кітабында айтылады. XIX ғасырдың екінші жартысына шейін сыбызғының барлық жерге кең тарағаны жайында белгілі зерттеуші А. Левшиннің жазбаларында да бар. Этнограф И. Липаевтың да мәлімдеуі көңіл аударарлық.
«Семей облысындағы қырғыз музыканттардың қолынан сыбызғыны көресің,— деп жазды ол.— Сыбызғы тал шыбықтан немесе басқа да сондай ағаштан жасалады. Ұш жағына, тегінде сәндік үшін болса керек, терінің жұп-жұқа қыртысымен керілген жіңішке арқан жіп байланады. Түтіктің іші жақсылап ойылып, асқан шеберлікпен өңделген. Дыбыс шығаратын тесік үшеу ғана, ойнаған кезде саусақтың ұшымен ашылып-жабылады».
Өткен ғасырдың аяғына қарай Қазақстанның бір қатар өңірлерінде бұл аспап тым сиреп кетеді. Сыбызғының әр түрлі облыс тұрғындарының арасында бір мезгілде емес, біртіндеп жоғалғанын этнографтардың көптеген мәліметтерінен аңғаруға болады. Мысалы, Түркістан өлкесін жете зерттеген этнограф П. Тихов былай деп мәлімдейді:
«Түркістанда он екі жыл тұрып, сыбызғыны бір-ақ рет көре алдым, онда да тек көзім шалып қалғаны болмаса...»
Бұл өлкеде сыбызғының жоғалуын ол екі түрлі себеппен байланыстырады: жергілікті жердің табиғатында сыбызғы жасайтын өсімдіктің болмауы және онда ойнаудың қиындығы.
XVIII ғасырдың екінші жартысында атақты ғалым И. Лепехин өзі Орал қазақтарынан көрген бір тамаша сыбызғы жайында жазып қалдырыпты:
«Ол түтікті, қалмақтар цур, татарлар курай, ал Жайық қазақтары (бұл аспап оларда да бар) осы күнбағыс сабағын сыбызғы деп те атайды... Бұл аспаптың жіңішке ұшында үш ойық бар, оларды музыкант бір қолының үш саусағымен кезекпе-кезек ашып-жауып тұрады, ал екінші қолымен, қажет болған кезде түтіктің төменгі жағындағы сопақша ойықты жабады. Түтіктің кең аузын жоғарғы тіске тақайды да жоғарғы ерін мен тілге тигізеді. Мұндай аспапта ойнау үшін ерекше жаттығу керек: егер оны шебер күйші тартса, онда даусы шағын флейтравестінен аумай шығады».
Бұл суреттеудің біз үшін бағалылығы сол, мұнда ойнау тәсілдері айтылған. Әсіресе, түтіктің төменгі ойығын ашып-жабу арқылы қосымша дыбыс шығаруға болады дегені назар аударарлық, өйткені біз мұндай тәсіл сыбызғы ойнағанда қолданылатынын білеміз.
А. Гейнс сирек кездесетін құбылысты — сыбызғының сүйемелдеуімен ән салғанды көрген. Бұл жайында ол былай деп жазады:
«...Қоңыр салқын кешкі мезгілде, сондай-ақ түнгі айдың жарығында уақыттарын әрдайым үй іші болып әңгіме-дүкен құрып, сауық-сайран салумен өткізеді, мұндайда олар ара-арасында өздері жақсы көретін аспап «джабьязгының» көбінесе тамылжыта салған әнмен сүйемелдейтін мұңды сазына рахаттана құлақ түреді».
КСРО халықтары этнографиясының мемлекеттік музейінде қорабы бар екі сыбызғы сақтаулы. Олардың бірін Шоқан Уәлиханов сыйға тартқан екен.
Семейдегі Абайдың Республикалық әдеби-мемориалдық музейінде инвентарлық № 415 кітапта былай делінген:
«Қазақтың флейтаға ұқсас бұл музыкалық аспабы екі шағын ағаш науадан жасалынған, науалардың қуыс жақтары бір-біріне қаратылып, сыртынан қойдың немесе ешкінің өңешімен қапталған. Түтік төменгі ойыққа қарай жіңішкере түседі, төменгі ұшында үш ойық бар».
Сыбызғы бақташылардың ең сүйікті аспабы болған. Оны жасау көп уақыт алмайды: тәжірибелі шебер 10—15 минутта жасап алады. Бұл үшін ұзындығы 500—700 мм қурай кесіп алынады, оның үш-төрт жерін тесіп ояды. Бірінші ойық түтіктің ұшынан алақанның еніндей жерден ойылады. Келесі ойықтың аралығы одан гөрі тарлау алынады, яғни бір-бірінен төрт елі қашықтықта болады. Алайда мұндай өлшем дыбыстың анық шығуын жеткізбейді, сондықтан күйші ойнаған кезде дыбыстың тазалығын ерінді қимылдату арқылы реттеп отырған. Қурайдан немесе ағаштан жасалған. Ауа толқыны жақсырақ таралу үшін түтіктің кең ұшын сүйірлеген. Даусы жақсы шығатын болуы үшін ойнар алдында сыбызғының ішін сулайды.
Өндіріс Бұл үшін ұзындығы 500—700 мм, қурай кесіп алынады, оның үш-төрт жерін тесіп ояды. Бірінші ойық түтіктің ұшынан алақанның еніндей жерден ойылады. Келесі ойықтың аралығы одан гөрі тарлау алынады, яғни бір-бірінен төрт елі қашықтықта болады. Алайда мұндай өлшем дыбыстын, анық шығуына жеткізбейді, сондықтан күйші ойнаған кезде дыбыстың тазалығын ерінді қимылдату арқылы реттеп отырған. Қурайдан немесе ағаштан жасалған. Ауа толқыны жақсырақ таралу үшін түтіктің кең ұшын сүйірлеген. Даусы жақсы шығатын болуы үшін ойнар алдында сыбызғының ішін сулайды.Орындаушылық шеберліктің артуы нәтижесінде аспаптың құрылысы өзгертіледі. Бүйірлік ойықтар пайда болды. thumb|Сыбызғы(Қамыстан жасалған)|left|278x278px Аспапты қурай мен ағаштан жасаумен бірге темірден де жасаған. Металдан жасалған сыбызғыны этнографтар 1860 жылдары-ақ тапқан.
Аспапты бір жағы ұзына бойына қуыс бюлып келетін екі ағашты беттестіріп жасалған қорап ішіне сақтаған. Беттестірілген екі ағаш не темір шеңбермен немесе ағаштың қабығымен құрсауланған. Қораптың бір жақ ұшы былғары белбеу тағылған тығынмен жабылады. Өне бойы ат үстінде жүрген шақта сыртындағы мықты қабы нәзік аспапты сынып қалудан сақтаған. Орындаушылық шеберліктің артуы нәтижесінде аспаптың қүрылысы өзгертіледі. Бүйірлік ойықтар пайда болды. Бұл күндері сыбызғышыны тек Шығыс Қазақстан облысынан ғана кездестіруге болады. Сыбызғы Қазақстанның Батыс аудандарында ертерек жоғалған, онда белгілі сыбызғышыларды 1930 жылдары ғана көруге болатын еді. Бұдан байқайтынымыз, біздің ғасырымыздың басында-ақ бүл өңірде сыбызғы жоғалып біткен.
Құрылымы Сыбызғының диатоникалық дыбыс құрылысы түтіктің ұзындығына, ойықтардың саны мен орналасуына байланысты. Үш ойығы бар аспаптың негізгі төрт тоны болады. Ол түтіктің өзінен және үш ойығынан әрқайсысынан бес-бестен қосымша дыбыс шығады. Сөйтіп, үш ойықты сыбызғы жиырма түрлі дыбыс шығаруға мүмкіндік береді екен. Сыбызғының диапазоны үш регистрге бөлінеді: төменгі, орта және жоғарғы. Халық күйлері көбіне орта регистрде орындалады.Дыбыстың өзгеруі түтіктегі ойыққа және үрлеуге байланысты. Төменгі регистрдегі дыбыстарда ауа толқыны бәсеңдейді, ал орташа және жоғарғы регистрдегі дыбыстарда күшейеді. Сыбызғыда төменгі дыбыстар ақырын шығады, тембрі жүмсақ келеді, ал жоғарғы ноталар — қатты да ащы естіледі. Нота жазуы thumb|right|200px Дыбыстың өзгеруі түтіктегі ойыққа және үрлеуге байланысты. Төменгі регистрдегі дыбыстарда ауа толқыны бәсеңдейді, ал орташа және жоғарғы регистрдегі дыбыстарда күшейеді. Сыбызғыда төменгі дыбыстар ақырын шығады, тембрі жүмсақ келеді, ал жоғарғы ноталар — қатты да ащы естіледі. Сыбызғының диатоникалық дыбыс қүрылысы түтіктің үзындығына, ойықтардың саны мен орналасуына байланысты. Үш ойығы бар аспаптың негізгі төрт тоны болады. Ол түтіктің өзінен және үш ойығынан әрқайсысынан бес-бестен қосымша дыбыс шығады. Сөйтіп, үш ойықты сыбызғы жиырма түрлі дыбыс шығаруға мүмкіндік береді екен. Сыбызғының диапазоны үш регистрге бөлінеді: төменгі, орта және жоғарғы. Халық күйлері көбіне орта регистрде орындалады. Сыбызғыда ойналатын күйлер аспаптын, диапазоны мен техникалық мүмкіндіктеріне тығыз байланысты болады. Күйлер негізінен әуезді. Әдетте қысқа фраза әр түрлі нүсқада бірнеше рет қайталанып отырады. Төменгі регистрдің дыбыс қатары: кіші октаваның ля, си нотасы, бірінші октаваға до-диез, ре-диез нотасы. Орта регистрдің дыбыс қатары: бірінші октаваның ля, си; екінші октаваның до-диез, ре-диез, ми, фа-диез, соль-диез, ля нотасы. Жоғарғы регистрдің дыбыс қатары: екінші октаваның ля, си; үшінші октаванын, до-диез, ре-диез нотасы.
Аталған аспаптың, яғни сыбызғының негізгі дыбыстары мен дыбыс қатары әр түрлі болып келетіні оның ішкі құрылысына байланысты болады. Сыбызғының регистрі неғүрлым төмен болса, соғүрлым жоғары регистрдің дыбыстарын алу жеңіл келеді де, ал төменгі регистр соғұрлым баяу естіледі. Және керісінше, регистрі неғұрлым жоғары болса, соғүрлым жоғарғы дыбыстарды алу қиындайды, ал төменгі регистрі күштірек естіледі. Шығыс Қазақстан облысынан әкелінген үш ойығы бар сыбызғының дыбыс қатары мынадай: бірінші октаванық до, ре, ми, фа-диез нотасы. Батыс Қазақстандағы төрт ойықты сыбызғының дыбыс қатары: кіші октаваның ля, си, бірінші октаванын, до-диез, ре-диез, фа ноталары болады. Күй Шығыс Қазақстан облысынан бізге жеткен күйлер көбінесе әнге үқсас. Батыс Қазақстанның сыбызғыда ойналатын күйлері формасының күрделілігімен, диапазонының кеңдігімен ерекшеленеді және аспаптық күйге жақынырақ болып келеді.
Халық музыканты бүл аспапта ойнау кезінде кейде төменгі регистрде бурдон сияқты болып естілетін дыбыс шығара алған. Сонда өзгеше тембр пайда болады.
Домбыра мен қылқобыз секілді халық ішінде жиылмалы сыбызғы да кездескен. Иесі Ысқақ Уәлиев болған нақ осындай сыбызғы жайында. А. Жұбановтың «Ғасырлар пернесі» еңбегінде айтылады.
Сыбызғышылар өзгеше тәсіл қолданған, яғни түтіктің төменгі ойығын алақанымен немесе саусақтың жұмсақ етімен басып түрған, сондықтан аспаптың көлемі орындаушының қолының үзындығымен де байланысты болған. Төменгі бірінші ойықты оң қолдық бас бармағымен басқан, екінші және үшінші ойықтары сол қолдың сүқ саусағымен және шынашақпен басылған. Түтіктегі төртінші ойық оның сыртқы жағынан ойылған және сол қолдың бас бармағымен жабыдады. Кейбір орындаушылар аспапты сол қолына алып ойнайтын болған, ондай шақта ойықтардың саусағымен жабылатыны тиісінше өзгереді.
Бүйірінде ойықтары жоқ түтікпен үрлеу арқылы бірнеше обертонды дыбыстарды шығаруға боладьь Түтік ұзын әрі жуан болған сайын обертонды дыбыстары көбірек болады. Үзындығы 720 мм, жерде диаметрі 175 мм түтікті үрлегенде мынадай дыбыстар шығады: октаваның ля, бірінші октаваның ля, екінші октаваның ми, ля, үшінші октаваның до-диез, ми ноталары.
Бүдан басқа, төменгі ойығын саусақпен жауып түру арқылы түтіктен тағы бірнеше обертонды дыбыс алуға болады. Бүйірлік ойықтар пайда болғанға дейін қолданылған бүл ескі тәсілді сыбызғышылар күні бүгін де қолданады.
Бұл дыбыс қатары қарапайым әуенді ойнауға мүмкіндік береді. Заманауи қолдану
1934 жылы Қүрманғазы атындағы оркестрдің құрамына Халық орындаушыларының Бірінші бүкіл Қазақстандық слетіне қатысқан музыканттар алынды. Қазақстанның түрлі аудандарынан, орындаушылық дәстүрлері әр қилы, музыкалық білімдері жоқ және өзгелермен қосылып ойнап көрмеген музыканттардан оркестр коллективін үйымдастыру жас жетекші А. Жұбановқа оңай бола қойған жоқ. Оның үстіне аспаптар да ансамбльмен орындауға икемделмеген болатын. Сыбызғыда Ысқақ Уәлиев ойнады. Ысқақ сегіз жасынан бастап сыбызғы тартуды үйренген екен. Онын, әкесі Уәли атақты сыбызғышы Сарымалайдың шәкірті болыпты. Ысқақтың репертуарына мына күйлер енді: «Қара жорға», «Қоңыр», «Шонай», «Мүңды кыз», «Сансызбай» және басқалар. Талантты музыкант Ысқақ өзі де күй шығарған. Олар: «Толқын» және «Кербез».
Сыбызғыны оркестрлік аспап ретінде пайдаланған шақта музыкант бүл аспаптың тым қара дүрсінділігі салдарынан көп қиыншылыққа кездескенін айту керек. Ал бұл шақта домбыра мен қобыз оркестрге қосылған соң-ақ тез дамып, жетіле түсті. Олардың техникалық мүмкіндіктері өскен сайын оркестрдің репертуары да күрделілене берді. Осының бәрі сыбызғыны қайта жетілдіріп жасауды талап етті.