Климаттың географиялық факторларыҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 — климат түзу процестерінің ағымын анықтайтын географиялық жағдайлар. Оларға: жердің географиялық ендігі, теңіз деңгейінен биіктігі, жер бетінің құрлық пен теңізге бөлінуі, құрлық үсті бойынша — мұхиттар мен теңіздерден алыстығы, мұхит үсті бойынша — материктерден алыстығы, әр түрлі биіктіктегі жер бедері, мұхит ағыстары, топырақ бетінің сипаты, құрлықтағы суқоймалардың таралуы, өсімдік, қар, мұз жамылғылары, адамның іс-қимылдары жатады. Дереккөздер
Санат:География Санат:Геодезия