Барыс – Шаға қойнауының оңтүстік-шығысындағы Қаратаудың аңғар сайы.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; Басын таудың орта бөлігінен алады. Бойымен аққан бұлақ аяғы солтүстік-шығысындағы саз топырақты адырды жарып өтетін сайды бойлап кетеді. Барыс бастарында Бескемпір темір кені, солтүстігінде қара гранит кендері бар. Темір кен орны барланып, қоры есептелген.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; Гранитті барлап пайдалану кезінде экон. қиыншылықтарға байланысты тоқтатылды.«Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; Аңғардың батыс жиегін көмкерген тұмсық, тау етегі алаңқайындағы мола, сай – бәрі Барыс атымен аталады. Ел аузында айтылатын бір дерек Барыс атауын туысы Беріш, мысырдың билеушісі Мәмлүк Бейбарыс сұлтанның туған жері деп, сай аяғының шығысындағы бүгінде үйінді болып жатқан, басына таяқ шаншулы әулие саналатын мола орнын Бейбарыстың туған жеріне дінді уағыздау үшін жіберген өкілінің атымен байланыстырады.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Барыс аңғары · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.