Ақжүніс Алтайқызы Иманбаева (1962 ж. т., Форт-Шевченко қаласы) – ғалым, ботаник-интродуктор, биология ғылымының кандидаты (1996).

Өмірбаяны ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1984).

1984 – 87 ж. Ақтау қаласындағы Мұнай-химия және табиғи тұздар инcтитутында аға лаборант, инженер, 1987 жылдан Маңғыстау тәжірибелік ботаника бағында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директоры (2004 жылдан) болып жұмыс жасайды.

Еңбектері Негізгі ғылыми жұмысының бағыты өсімдіктер интродукциясына арналған. Ол Маңғышлақ өңірінде бұдан бұрын кездеспеген өсімдік түрлерін, сорттарын жерсіндірумен айналысады. 1994 ж. Ренн университетінде (Франция) тәжірибеден өтті.

43 ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның, 1 оқулықтың авторы.«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ботаниктері Санат:Биология ғылымдарының кандидаттары