Құлшанай Иманқалиев (1931 ж. т., Маңғыстау ауданы Жармыш ауылы) – ауыл шаруашылығы саласының маманы. Еңбек жолын Алғабас ұжымшарында көмекші шопандықтан бастап, 1954 – 70 ж. ұжымшарда жүргізуші, 1971 – 92 ж. аудандық тұтынушылар одағында автодүкен меңгерушісі болып жұмыс жасаған. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған (1981).«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. Дереккөздер

Санат:Тұлғалар