Мұхит Қисметұлы Қаламқалиев (1944 жылы Атырау қаласында туған) – ғалым, техника ғылымдарының кандидаты (1990), педагогика ғылымдарының докторы (1998), профессор (2000).
Өмірбаяны Қазақ ауыл шаруашылық институттын (қазіргі ҚазҰАУ) бітірген (1966).
1967 – 69 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) энергия басқармасының жоғары вольттік жүйесінде инженер, 1969 – 71 жылы магистральдық мұнай құбырларының «Оңтүстік» басқармасында аға инженер, 1973 – 81 жылы техникум оқытушысы, 1981 – 89 жылы Гурьев политехникумының Жаңаөзен бөлімшесінің директоры, 1989 – 94 жылы Гурьев политехникумында директордың орынбасары, 1994 – 96 жылы Атырау университеттінің Ақтау бөлімшесінде директордың оқу-ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары, 1994 – 96 жылы кафедра меңгерушісі, 1999 - 2013 жылы Маңғыстау «Болашақ» институттының ректоры.
Марапаттары ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2004); 100-ден аса ғылыми еңбектердің авторы; 1-дәрежелі «Ұлы Петр» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; «Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; «Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; «Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; «Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:1944 жылы туғандар Санат:Техника ғылымдарының кандидаттары Санат:Педагогика ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар