Бексұлу Шорақызы Ванова (1947, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы – 2003) – педагог.

Өмірбаяны Қызылорда мұғалімдер педагогикалық училищесін (1967) бітірген. Гурьев педагогикалық институтын (қазіргі Атырау мемлекеттік университеті) бітірген (1976). 1967 – 1974 жылдары Жыңғылды орта мектебінде мұғалім., 1974 – 1994 жылдары Куйбышев, Т.Г. Шевченко, С.Нұрниязұлы атындағы мектептерде мұғалім, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп-интернаттың директоры.

Марапаттары «Құрмет белгісі» ордені Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің үздігі» белгісі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997

Дереккөздер

Санат:1947 жылы туғандар Санат:Маңғыстау ауданында туғандар Санат:Қызылорда мұғалімдер педагогикалық училищесі түлектері Санат:Атырау мемлекеттік университеті түлектері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері