Қара жемісті итжүзім (Aronia melanocarpa) — раушангүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктің бір түрі. Биіктігі 2—4 м. Тамыры жуан. Түйнекті, сабағы көп бұршақты, шырмалып еседі. Төменгі жапырақтары ірі етжеңді бес тармаққа бөлінген. Гүлі жасыл-сары түкті. Жемісі шар тәрізді қою жасыл түсті жидек. Тұқымынан көбейеді. Сәуір-мамыр айында гүлдеп, маусымда жемісі піседі. Қара жемісті итжүзім өте сирек кездесетін реликті түр, тек Шардара алабы мен Қызылқұмдағы жазық жерлерде, орман шеті мен бұталар арасында өседі. Бұл өсімдіктің тамырынан алынатын құрғақ ұнтақты жануарлардың әр түрлі жарасын емдеуге қолданады. Өте сирек кездесетін өсімдік. Қазакстанның "Қызыл кітабына" енгізілген (1996).Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 Дереккөздер
External links Evergreen Native Plant Database Hortnet: Aronia melanocarpa, Plant of the Month
Санат:Раушангүлділер