Арыстанбай Нысанов (1902, Форт-Александровск қаласы – 1969) – ауыл шаруашылығы саласының маманы. 1920 ж. Қызыл Армия қатарында атаман Толстов бастаған ақ гвардияшылардың отрядын Маңғыстаудан қууда ерлікпен көзге түсіп, атаулы қылышпен марапатталған. 1937 – 50 ж. Тұщықұдық ауылдық кеңесінде төраға, Форт-Шевченко аудандық парткомында нұсқаушы. 1950 – 58 ж. Шайыр, Жыңғылды, Жармыш ауылдық кеңестерінің төрағасы қызметтерін атқарған. Құрмет грамотасымен марапатталған.«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;
Дереккөздер