Самат Көшенұлы Өтениязов (1950 жыл, Түрікменстан, Ташховуз облысы Көне Үргеніш қаласы) – тарихшы, тарих ғылым кандидаты, Мадрид университетінің профессоры. (2001).
Өмірбаяны И.И. Мечников атындағы Одесса мемлекеттік университетінің роман-герман филологиясы факультетінің испан тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген (1979). 1981 – жылдан Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының аға ғылым қызметкері Кубаның Қазақстандағы елшілігінде қызметкер Қазақ академиялық университетінде шет тілдер факультетінің деканы Қазақстан әлем тілдері мен халықаралық қатынастар университетінің роман-герман филологиясы кафедрасының профессоры. Лондондағы (Англия) «CENTRAL ASІA NEWS FІLE» журналының Орта Азия мен Қазақстан бойынша корреспонденті, тағы басқа қызметтер атқарды.
Негізгі аудармалары: Ол Қазақстандағы белгілі испан тілінің аудармашысы. Испания мен Латын Америкасы жазушыларының еңбектерін испан тілінен қазақ тіліне аударған.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; Л.Д. Дэлано (Чили) База (роман) (1984) Р.Гальегос (Венесуэла) Доньа Барбара (роман) (1986) Кастилия мен Леон жұмбақтары (1997). Шығармалары Ө. Жалаңтөс, Есет Көтібаров, Төле би, Маңғыстау тарихына қатысты көптеген зерттеулер жүргізіп, еңбектері ғылыми басылымдарда жарық көрген. Шоқанмен қайта кездесу, А., 1990; Шоқан өскен орта, А., 1995; Аттила, А., 2000; Ш.Уәлиханов, А., 2005; ''Әбілқайыр хан, А., 2007«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
Дереккөздер
Санат:1950 жылы туғандар Санат:Үргеніште туғандар Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Мадрид университетінің профессорлары