Борис Валентинович Филиппов (1953 жылы туған, Украина, Донецк қаласы) – инженер.

Донецк политехника техникумын (1972), Алматы сәулет-құрылыс институтын (1981), Қазақ құқық және халықаралық институтын бітірген (2001). 2001 – 79 ж. МАЭК-те жөндеуші-слесарь, 1979 – 85 ж. жылы сумен жабдықтау басқармасы бөлімінің бастығы, бас инженері болды. 1985 – 90 ж. Маңғышлақ облысы партия комитеті құрылыс бөлімінің нұсқаушысы, ММГҚ тресі партия комитетінің хатшысы, №4 құрылыс басқармасының бастығы 1990 – 93 ж. РҚ «Сфинкс» құрылыс-жобалау бірлестігінің бас инженері 1993 – 99 ж. «Қаражанбасмұнай компаниясы» біріккен кәсіпорнының жетекші маманы, сумен жабдықтау және дайындау цехының бастығы. 1999 – 2003 ж. Ақтау қаласы әкімінің орынбасары 2003 – 05 ж. «Консорциум» жобалау басқармасының бас инженері қызметтерін атқарды. 2005 жылдан «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС аймақтық жобасының бас инженері.

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1989).«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;

Дереккөздер

Санат:1953 жылы туғандар Санат:Донецкде туғандар Санат:Донецк политехника техникумы түлектері Санат:Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы түлектері Санат:Қазақ құқық және халықаралық институты түлектері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері