Пак Андрей Пондюнович (Иванович) (1926 ж. т., Ресей, Хабаров өлкесі, Бикин ауданы) – қаржы саласының маманы, Қазақстанның еңбек сіңірген қаржы қызметкері (1981)
Семей қаржы техникумын (1949), ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1960). 1949 – 73 ж. аудандық қаржы бөлімінде инспектор, облыстық қаржы басқармасында басшы, 1973 – 88 ж. Маңғыстау облыстық қаржы бөлімінде меңгеруші, 1988 – 2004 ж. ҚР қаржы министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша бас маман болды.
«Құрмет белгісі» орденімен (1986), «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970) медалімен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007
Дереккөздер
Санат:1926 жылы туғандар Санат:Бикин ауданында туғандар Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қаржы қызметкерлері Санат:Семей қаржы техникумы түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері