Сақтағанов Сайын (1942 ж. т., Түрікменстан, Ташховуз облысы) – педагог, оқу ісінің үздігі. Чарджоу қаласыдағы Түрікмен мемлекеттік педогогикалық институтын математика-физика мамандығы бойынша бітірген (1963). 1968 – 77 ж.Бейнеу ауданы Сам орта мектебінде оқытушы, оқу ісінің меңгерушісі, 1977 – 82 ж. мектеп директоры, 1982 – 2003 ж. М.Бегенов атындағы орта мектептің директоры болды. Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағының иегері.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар