180px|thumb|right|UNESCO жалауы ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization — UNESCO) — Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы.

Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды. Штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. Қазіргі таңда ұйымның 193 мүше-мемлекеті және 2 қараушы-мемлекеті бар.

1972 жылы ЮНЕСКО Әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясын қабылдайды, қазір бұл конвенция 184 елде бекітілген.

XX ғасырда ЮНЕСКО-ның аса мәнді жобалары мыналар: II дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери әрекеттерден зардап шеккен кітапхана және мұражай қорларын қалпына келтіру; Азияда, Африкада, Латын Америкасында бастауыш білім беру жүйелерін дамыту; құнды еңбектерді аудару, тікелей байланыстар орнату арқылы Батыс пен Шығыстың арасында мәдени алмасуды дамыту; дамушы елдердегі сауатсыздықты жойып, "негізгі білім беру" жүйесін қалыптастыру (оқу орталықтары Камбоджада, Үндістанда, Таиландта, Оңтүстік Кореяда, Либерияда, Түркияда, сондай-ақ бірқатар, Латын американдық елдерде, Таяу Шығыс елдерінде); өркениет ескерткіштерін сақтау. 1959 ж. ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Мәдени құндылықтарды сақтау және қалпына келтіру бойынша Халықаралық комитет жұмыс істей бастады.

Мақсаты

ЮНЕСКО негізгі мақсаты — бейбітшілік пен қауіпсіздікті елдердің білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын БҰҰ Қаулысында айтылғандай жалпыға бірдей құрметпен қарап, әділеттілік пен заңдардың орындалуын, адам құқығы, әрі негізгі бостандықтар негізінде барлық елге, түрі-түсіне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан қамтамасыз ету арқылы нығайту.

Мақсатына жету үшін ЮНЕСКО бес негізгі функцияларды жүзеге асырады: болашағы бар, келешекте адамзатқа керек білім, ғылым, мәдениет пен байланыс формаларын зерттеу; білімді ғылыми зерттеудің нәтижесіне сүйене отырып таныту, алмасу, таратумен айналысу; заңнамалық іскерлікпен: ұсыныстарды іске асыруға міндет болатын халықаралық актілерді дайындау және қабылдау; мүше-мемлекеттерге «техникалық ынтымақтастық» түрінде жобалар жасау мен дамыту салаларындағы саясатын анықтауда эксперттерінің қызметтерін ұсынады; арнайы ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады.

Мүше елдер 2009 жылдың қазан айына сәйкес ЮНЕСКО ұйымына 193 мемлекет мүше және 7 мемлекет серіктес мүше дәрежелеріне ие.

Аустралия, ұйымға қосылу күні - қарашаның 4, 1946 Аустрия - тамыздың 13, 1948 Албания - қазанның 16, 1958 Алжир - қазанның 15, 1962 Америка Құрама Штаттары - қазанның 1, 2003 Андорра - қазанның 20, 1993 Ангола - наурыздың 11, 1977 Антигуа және Барбуда - шілденің 15, 1982 Аргентина - қыркүйектің 15, 1948 Армения - маусымның 9, 1992 Ауғанстан - мамырдың 4, 1948 Әзербайжан - маусымның 3, 1992 Багам аралдары - сәуірдің 23, 1981 Бангладеш - қазанның 27, 1972 Барбадос - қазанның 24, 1968 Бахрейн - қаңтардың 18, 1972 Беларусь - мамырдың 12, 1954 Бельгия - қарашаның 29, 1946 Белиз - мамырдың 10, 1982 Бенин - қазанның 18, 1960 Болгария - мамырдың 17, 1956 Боливия - қарашаның 13, 1946 Босния және Герцеговина - маусымның 2, 1993 Ботсвана - қаңтардың 16, 1980 Бразилия - қарашаның 4, 1946 Бруней - наурыздың 17, 2005 Біріккен Араб Әмірліктері - сәуірдің 20, 1972 Буркина-Фасо - қарашаның 14, 1960 Бурунди - қарашаның 16, 1962 Бутан - сәуірдің 13, 1982 Вануату - ақпанның 10, 1994 Мажарстан - қыркүйектің 14, 1948 Венесуэла - қарашаның 25, 1946 Вьетнам - шілденің 6, 1951 Габон - қарашаның 16, 1960 Гаити - қарашаның 18, 1946 Гайана - наурыздың 21, 1967 Гамбия - тамыздың 1, 1973 Гана - сәуірдің 11, 1958 Гватемала - қаңтардың 2, 1950 Гвинея - ақпанның 2, 1960 Гвинея-Бисау - қарашаның 1, 1974 Германия - шілденің 11, 1951 Грекия - қарашаның 4, 1946 Гренада - ақпанның 17, 1975 Гондурас - желтоқсанның 16, 1947 Грузия - қазанның 7, 1992 Дания - қарашаның 4, 1946 Джибути - тамыздың 31, 1989 Доминика - қаңтардың 9, 1979 Доминикан Республикасы - қарашаның 4, 1946 Мысыр - қарашаның 4, 1946 Жаңа Зеландия - қарашаның 4, 1946 Жапония - шілденің 2, 1951 Замбия - қарашаның 9, 1964 Зимбабве - қыркүйектің 22, 1980 Израиль - қыркүектің 16, 1949 Индонезия - мамырдың 27, 1950 Иордания - маусымның 14, 1950 Иран - қыркүйектің 6, 1948 Ирак - қазанның 21, 1948 Ирландия - қазанның 3, 1961 Исландия - маусымның 8, 1964 Испания - қаңтардың 30, 1953 Италия - қаңтардың 27, 1948 Йемен - сәуірдің 2, 1962 Камбоджа - шілденің 3, 1951 Камерун - қарашаның 11, 1960 Канада - қарашаның 4, 1946 Кабо-Верде - ақпанның 15, 1978 Катар - қаңтардың 27, 1972 Кения - сәуірдің 7, 1964 Кипр - ақпанның 6, 1961 Кирибати - қазанның 24, 1989 Колумбия - қазанның 31, 1947 Комор аралдары - наурыздың 22, 1977 Конго - қазанның 24, 1960 Конго Демократиялық Республикасы - қарашаның 25, 1960 Солтүстік Корея - қазанның 18, 1974 Корея Республикасы - маусымның 14, 1950 Коста-Рика - мамырдың 19, 1950 Кот-д’Ивуар - қазанның 27, 1960 Куба - тамыздың 29, 1947 Кувейт - қарашаның 18, 1960 Кук аралдары - қазанның 25, 1989 Қазақстан - наурыздың 2, 1992 Қырғызстан - маусымның 2, 1992 Қытай - қарашаның 4, 1946 Лаос - шілденің 9, 1951 Латвия - қазанның 14, 1991 Ливан - қарашаның 4, 1946 Лесото - қыркүйектің 29, 1967 Либерия - наурыздың 6, 1947 Ливия - маусымның 27, 1953 Литва - қазанның 7, 1991 Люксембург - қазанның 27, 1947 Маврикий - қазанның 25, 1968 Мавритания - қаңтардың 10, 1962 Мадагаскар - қарашаның 10, 1960 Македония Республикасы - маусымның 28, 1993 Малави - қазанның 27, 1964 Малайзия - маусымның 16, 1958 Мали - қарашаның 7, 1960 Мальдивтер - шілденің 18, 1980 Мальта - ақпанның 10, 1965 Маршалл аралдары - маусымның 30, 1995 Мексика - қарашаның 4, 1946 Микронезия Федерациялық Штаттары - қазанның 19, 1999 Мозамбик - қазанның 11, 1976 Молдова Республикасы - мамырдың 27, 1992 Монако - шілденің 6, 1949 Моңғолия - қарашаның 1, 1962 Марокко - қарашаның 7, 1956 Мьянма - маусымның 27, 1949 Намибия - қарашаның 2, 1978 Науру - қазанның 17, 1996 Нидерланд - қаңтардың 1, 1947 Непал - мамырдың 1, 1953 Никарагуа - ақпанның 22, 1952 Нигер - қарашаның 10, 1960 Нигерия - қарашаның 14, 1960 Ниуэ - қазанның 26, 1993 Норвегия - қарашаның 4, 1946 Оман - ақпанның 10, 1972 Орталық Африка Республикасы - қарашаның 11, 1960 Оңтүстік Африка - желтоқсанның 12, 1994 Өзбекстан - қазанның 26, 1993 Палау - қыркүйектің 20, 1999 Панама - қаңтардың 10, 1950 Папуа — Жаңа Гвинея - қазанның 4, 1976 Парагвай - маусымның 20, 1955 Пәкістан - қыркүйектің 14, 1949 Перу - қарашаның 21, 1946 Польша - қарашаның 6, 1946 Португалия - қыркүйектің 11, 1974 Ресей - сәуірдің 21, 1954 Руанда - қарашаның 7, 1962 Румыния - шілденің 27, 1956 Самоа - сәуірдің 3, 1981 Сан-Марино - қарашаның 12, 1974 Сан-Томе мен Принсипи - қаңтардың 22, 1980 Сауд Арабиясы - қарашаның 4, 1946 Эсватини - қаңтардың 25, 1978 Сейнт Винсент және Гренадинес - қаңтардың 14, 1983 Сент Киттс және Невис - қазанның 26, 1983 Сейнт Люсия - наурыздың 6, 1980 Сейшель аралдары - қазанның 18, 1976 Сенегал - қарашаның 10, 1960 Сербия - желтоқсанның 20, 2000 Сингапур - қазанның 8, 2007 Сирия - қарашаның 16, 1946 Словакия - ақпанның 9, 1993 Словения - мамырдың 27, 1992 Соломон аралдары - қыркүйектің 7, 1993 Сомали - қарашаның 15, 1960 Судан - қарашаның 26, 1956 Суринам - шілденің 16, 1976 Съерра-Леоне - наурыздың 28, 1962 Тайланд - қаңтардың 1, 1949 Танзания - наурыздың 6, 1962 Тәжікстан - сәуірдің 6, 1993 Того - қарашаның 17, 1960 Тонга - қыркүйектің 29, 1980 Тринидад және Тобаго - қарашаның 2, 1962 Тунис - қарашаның 8, 1956 Түркия Республикасы - қарашаның 4, 1946 Түрікменстан - тамыздың 17, 1993 Тувалу - қазанның 21, 1991 Уганда - қарашаның 9, 1962 Украина - мамырдың 12, 1954 Уругвай - қарашаның 8, 1947 Үндістан - қарашаның 4, 1946 Ұлыбритания және Ирландия Біріккен Патшалығы - шілденің 1, 1997 Фиджи - шілденің 14, 1983 Филиппин - қарашаның 21, 1946 Финляндия - қазанның 10, 1956 Франция - қарашаның 4, 1946 Хорватия - маусымның 1, 1992 Чад - желтоқсанның 19, 1960 Черногория - наурыздың 1, 2007 Чехия - ақпанның 22, 1993 Чили - шілденің 7, 1953 Швеция - қаңтардың 23, 1950 Швейцария - қаңтардың 28, 1949 Шри Ланка - қарашаның 14, 1949 Шығыс Тимор - маусымның 5, 2003 Эквадор - қаңтардың 22, 1947 Экваторлық Гвинея - қарашаның 29, 1979 Сальвадор - сәуірдің 28, 1948 Эритрея - қыркүйектің 2, 1993 Эстония - қазанның 14, 1991 Эфиопия - шілденің 1, 1955 Ямайка - қарашаның 7, 1962

Серіктес мүше елдер Аруба - қазанның 20, 1987 Британдық Виргиния аралдары - қарашаның 24, 1983 Кайман аралдары - қазанның 30, 1999 Макао, Қытай - қазанның 25, 1995 Нидерландықтардың Антиллері - қазанның 26, 1983 Токелау - қазанның 15, 2001 Фарер аралдары - қазанның 12, 2009

Бақылаушы елдер Израиль Ватикан

Сыртқы сілтемелер UNESCO-Қазақстан Ресми торабы

Дереккөздер

Тағы қараңыз ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандарының тізімдері Әлемдік мұра

Санат:Біріккен Ұлттар Ұйымы Санат:Халықаралық ұйымдар Санат:ЮНЕСКО