Авангард (— алдында, garde — күзет)Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х сөзінің бірнеше мағынасы бар: Әскери істе Авангард — негізгі әскери күшті қорғау мақсатында жорықта алдыңғы шепте жүретін әскери бөлімше. Авангард белгілі бір қашықтықта жүріп, негізгі күшті жаудың тұтқиылдан жасаған шабуылынан сақтауды, қарсыластың маңызды объектілерін, қорғаныс шебін басып алуды, негізгі күштің майданға кіріп, қанат жаюын қамтамасыз етіп, әскерлердің ұрысқа кіруіне қолайлы жағдай жасайды, кездесетін тосқауылдарды жояды. Авангардтың құрамы, оның негізгі күштерден алда жүру қашықтығы жағдайға және алдына қойылған міндетке байланысты. Ұрыста авангардты барлық атыс құралдары: оқпанды және реактивті артиллерия, минаатар, авиация т.б. қару түрлері қолдайды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл Авангард (Стиль) - мәдениетте, сәулет саласында

Саяси авангард

Мекемелер аттары ретінде Авангард ФК Авангард спорт клубы Авангард спорт кешені Әкімшілік-аумақтық елді мекендер Авангард ауылдық округі Авангард (Иглин ауданы)

Дереккөздер

Санат:Әскери іс Санат:Айрық беттер