Сапаров Әбдікерім (1918, Маңғыстау ауданы, Мырзайыр-Басқұдық жері – 1999) – соғыс және еңбек ардагері, жұмысшы. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946 ж. бастап Ақырап, Екпінді ұжымшарларында, Куйбышев атындағы, «Комсомол» кеңшарларында жұмыс жасаған. Қызыл жұлдыз, 1-дәрежелі Отан соғысы (1985) ордендерімен, «Ерлігі үшін» (1946), «Еңбек үздігі» (1973) медальдарымен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар