Тумыш Сарғожаев (1901, Маңғыстау ауданы, Ақшымырау ауылы – 1937) – Маңғыстаудан шыққан тұңғыш журналист. Орынбор қаласындағы педогогикалық курсты бітірген. Мектепте мұғалім, аудандық оқу бөлімінде инспектор қызметтерін атқарды. Қазақ КСР-і Орталық атқару кмитетті төралқасының шешімімен Адай округі бес ауданға бөлінгенде, Сарғожаев Алтықарасу аудан комитетінің хатшысы болып сайланған (1928). Ақтөбе, Қарағанды, Петропавл өңірінде баспасөз саласында қызметтер атқара жүріп, көркемсөз шебері – Б.Майлинмен шығармалары, достық байланыста болды. 1937 ж. Қарағанды облысы Қарқаралы округі газетінің редакторы қызметінде жүргенде, Майлинмен тығыз байланыста болды деген айыппен ұсталып, сол кезең саясатының құрбанына айналған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар