Артиллерия атысын басқару — артиллериялық бөлімшелерді басқару шараларының бір бөлігі болып табылатын атысқа басшылық ету.
Оған: атысты дайындау немесе оны алдын ала дайындау, алға қойылған атыс міндеттерін орындау тәсілдері мен құралдарын айқындау (ұрысқа тартылатын бөлімшелердің санын, оқ-дәрі шығынын, атыс тәртібін белгілеу), артиллерия бөлімшелеріне атыс міндеттерін қою, оны орындауға бақылау жасау кіреді.
Артиллерия атысын басқару әдетте, бақылау пункттерінен жүргізіледі. Онда артиллерия бөлімшесінің командирінен басқа да бөлімше командирлері, барлаушы-бақылаушылар, есептеушілер мен байланысшылар болады. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс