Төребай Сарманов (1906, Маңғыстау ауданы, Ортаеспе ауылы – 1990, Ақтау қаласы) – ішкі істер қызметкері. Өз бетінше ізденіп, ауыл молдасынан оқып, хат таныған. Домбыра тартып, жыр айтқан, батырлар жыры мен эпостарды өз мәнерімен әрлендіре жырлаған; ел тарихын білген шежіреші болған. Қызыл жұлдыз (1946), Қызыл Ту (1952) ордендерімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар