Есбол Өмірбаев (1916, Маңғыстау ауданы – 1988) – педагог, өлкетанушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.

Білімі Орал мұғалімдер институтын (1940) бітірген.

Атырау педагогикалық институтын (1962) бітірген.

Еңбек жолы Еңбек жолын 16 жасында 3-Интернационал ұжымшарында балықшы болып бастаған. Форт-Шевченко қаласындағы мектептерде оқу ісінің меңгерушісі, директор болып қызмет атқарған. 1962 – 82 ж. Т.Г. Шевченко мұражайының директоры 1982 – 88 ж. Форт-Шевченкода Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры болды.

Шығармашылығы

Маңғыстау тарихы жайында газет-журналдарда 100-ден астам мақала, зерттеу еңбектері жарияланды. Мақалалары «Маңғыстау – Атыраудың замандасы» «Революция от-жалынында» «Екі халықтың перзенті» Кітаптары «Октябрь арайында» «Маңғыстау» «Гүлденді өмір». Марапаттары «Халық ағарту ісінің үздігі» атағына ие болды. Есте қалдыру

Форт-Шевченко қаласындағы этнографиялық музей Өмірбаев атымен аталады.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997 Дереккөздер

Санат:1916 жылы туғандар Санат:Маңғыстау ауданында туғандар Санат:1988 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан педагогтары Санат:Қазақстан өлкетанушылары Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкерлері Санат:Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті түлектері Санат:Атырау мемлекеттік университеті түлектері Санат:Маңғыстау облысы өлкетанушылары