Мәслихат – Талапты ауылдық округі аумағындағы көл.

Географиялық орны Түркістан облысы Отырар ауданы Қоғам ауылынан солтүстікке қарай 16 км жерде, Сырдарияның оң жағалаулық аңғарында, өзеннен 4 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Ұзындығы 2,2 км, енді жері 600 м, аумағы 1,4 км2. Жағалауы негізінен жайпақ, солтүстік жағалауы тіктеу келген. Көл табаны тегіс, лайлы. Жағалауында қамыс, құрақ өскен. Солтүстігінде шағын келген Ащыкөл көлі жатыр. Мәслихаттың шығысын бойлай Сырдариядан бастау алып Күйікасар қонысына дейін канал (арық) тартылған. Көл жанынан Шәуілдірден Түркістан қаласына дейін автомобиль жолы өтеді.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Дереккөздер

Санат:Отырар ауданы көлдері Санат:Сырдария су алабы