Аманбек Махуұлы Сүндетов (1947 жылы туған, Түрікменстан) – домбырашы, құрметті профессор (2005).
Өмірбаяны Гурьев (қазіргі Атырау) қаласындағы музыкалық училищесін (1966), Алматы мемлекеттік консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.
Қазақтың мемлекеттік академ. оркестрінде жұмыс істеді.
Шымкент қаласындағы муз. училищесі мен мәдениет институтында сабақ берген.
Форт-Шевченко қаласындағы музыка мектебінің директоры, қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Ақтау қаласындағы өнер мектебінің директоры болды.
2016 жылға дейін Маңғыстау өнер колледжінің директоры болды, қазір сол колледжде мұғалім.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; «Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; «Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; «Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; «Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
Марапаттары мен атақтары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық конкурста лауреат дайындағаны үшін Құрмет грамоталарының бірнеше дүркін иегері. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының Құрметті профессоры.
ҚР Президентінің Алғыс хатымен; ҚР білім беру ісінің Құрметті қайраткері медалі; Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының ректоры, Әлем әртісі, ҚР халық әртісі А.Мұсаходжаеваның Алғыс хаты; Алматы Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның ректоры, ҚР халық әртісі Ж.Аубакированың Алғыс хатымен марапатталған.
Дереккөздер
Санат:1947 жылы туғандар