Қайырболат (Николай) Сайынұлы Майданов (7 ақпан 1956, Тасқұдық ауылы, Жымпиты ауданы, Орал облысы - 29 қаңтар 2000, Арғұн шатқалы, Шешенстан, Ресей) - Кеңес – Ауған соғысына қатысқан, Кеңес Одағының батыры, Ресей Батыры.

Өмірбаяны 1973 жылы Ақжайық (қазіргі Теректі) ауданының Шағатай ауылындағы орта мектепті тәмамдады. Содан соң бұрынғы Чапаев аудандық ДОСААФ комитетінің жанындағы курсты аяқтап, жүргізуші болды. Кеңес Әскері қатарында қызмет атқарған соң Саратовтағы Жоғарғы әскери ұшқыштар даярлайтын училищеге оқуға түсті. Ауғаныстанда көрсеткен ерлігі үшін қызыл Жұлдыз, қызыл Ту, 3 дәрежелі «КСРО қарулы Күштері қатарында Отанға қызыметі үшін» ордендерімен марапатталды. Ауғанда 50 рет әуеге көтеріліп, ауыр ұрыстарға қатысқан. Кейінгі жылдары Ресей қарулы Күштеріне қызмет етіп, соғыста ерлікпен қаза тапты.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Шешенстанда қайтыс болғандар Санат:Ауған соғысының (1979-1989) қатысушылары Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ресей халық батырлары Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:Ресей қазақтары