Ақ тырна () — тырналар тұқымдасының бір түрі. Қазақстанның батыс және орталық аймақтарын көктемгі (сәуір — мамыр) және күзгі (тамыз — қазан) ұшу кезінде қоныстайды. Бұл кезде Наурызым қорығында, Ырғыз және Торғай өзендері мен Арал теңізі жағалауында жиі кездеседі. Сирағының төменгі жағы қауырсынсыз, құйрығы қысқа. Мойны, аяғы ұзын. Қанатының қарымы 2 метрге, салмағы 10 кг-ға дейін жетеді. Қанаты ақ, қанатының ұшы қара, тұмсығы қызыл. Суат маңын, көбінесе батпақты жерлерді мекен етеді. Өсімдік дәнімен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ұясын шөп арасына, кейде тайыз су бетіне салады. Сәуір—мамырда 2-3 шұбар жұмыртқа туып, оларды мекиені 1 айға жуық басады. Жыл құсы. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

Жойылып кету жағдайында тұрған түр, Солтүстік Азияның эндемик. ХТҚО-ның Қызыл кітабына тіркелген. Түрдің жалпы саны 1,5 мыңнан аспайды. Қазақстанда ұшып өтетін ақ тырналар тек Қорғалжын қорықтарында ғана қорғалады. Ақ тырнаның қоныс аудару жолында орналасқан Торғой қорығын құруды тездету қажет. 1981 жылдан Халықараралық “Ақ тырна” жобасына сәйкес Ресейдің Окскі қорығында, Американың Барабу, Германияның Вальсроде питомнигінде қолдан өсірілуде.Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том

Сыртқы сілтеме Ақ тырна

Дереккөздер

Санат:Тырналар