Ғарыштық шабуылдан қорғану — әуе шабуылына қарсы корғаныстын құрамды бөлігі. Қарсыластың соғыс мақсатында (ядролық қару тасушы ретінде, барлау жүргізу мақсатында және т.б.) ұшу кеңістігінде қолданатын ғарыштык құралдарын жоюға арналған. Ғарыштық шабуылдан қорғанудың негізгі құралдары — арнаулы ғарыштық кемелер, серіктер — жойғыштар және раксталар, радиоэлектрондық аппараттармен жабдықталған басқа ұшу аппараттары.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс