Дефектация () — әскери техниканың агрегаттары мен бөлшектерінің бұзылған жерін табу, олардың техникалық жағдайын және одан әрі колдануға жарамдылығын айқындау процесі. Жөндеу кезінде Дефектациядан бұрын әдетте алдымен бұйымдар бөлшектеледі, одан кейін агрегаттар мен бөлшектер сырттай қарау және нұсқаулық өлшемдерін бақылау үшін дефектация теліміне беріледі, ал ең маңызды бөлшектерінің жасырын ақаулары зерттеледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс