Сәйкесті диалектілік ерекшеліктер — белгілі бір диалектіде айтылатын сөздер мен формаларға басқа диалектілерде (немесе әдеби тілде) балама боларлық сөздер мен формалардың болуы, яғни қарама-қарсы тілдік құбылыстардан тұратын тіл ерекшеліктері.

Мысалы: әдеби тілдегі леген//шылашын сөздеріне жергілікті жерде жам, кірлен, дас, дағара, шіләужін т.б. сөздер сәйкес келеді. Сәйкесті диалектілік ерекшеліктерден әдеби-диалектілік синонимдер туады.Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9

Тағы қараныз: Сэйкессіз диалектілік ерекшеліктер Диалект Диалектография Диалектология Диалог Лексика

Дереккөздер

Санат:Диалектика