Қарасу ауданы — Қостанай облысының шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлініс.Қазақстан табиғаты: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып — Алматы: "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т. 3. — 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т. 3), ISBN 9965-893-19-5 1939 жылы құрылды. 1997 жылы аудан құрамына бұрынғы Октябрь ауданы қосылды. Жер аумағы — 12,8 мың км². Орталығы — Қарасу ауылы.
Географиялық орны Солтүстігінде Сарыкөл, батысында Алтынсарин, Әулиекөл, оңтүстігінде Науырзым, шығысында СҚО-ның Ғабит Мүсірепов және Ақмола облысының Есіл, Жарқайың аудандарымен шектеседі.
Жер бедері Аудан аумағы Торғай Үстіртінің солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Жер бедері негізінен жазық келген. Кейбір жерлері кішігірім өзендермен оңтүстіктен солтүстікке қарай аздап тілімделген. Төбелі-жонды келген аумақтарында көл қазаншұңқырлары жиі кездеседі.
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Ауданның климаты тым континеттік, қысы суық боранды, жазы біршама ыстық келеді. Қаңтардағы ауаның жылдық орташа температурасы — -17…-18°С, шілдеде — 19…21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері — 250–300 мм. Аудан жерінің топырағы солтүстік бөлігінде қара, оңтүстігінде қоңыр, қызғылт қоңыр болып келеді. Құсмұрын көліне таяу маңда сортаңды қара және қоңыр топырақтар, басқа көлдердің жайылымдарында шалғынды қара топырақ дамыған. Өсімдіктерін жусан аралас астық тұқымдас (селеу, бетеге, қылқан боз, айрауық, т.б.) шөптесіндер құрайды. Солтүстігінде терек аралас қайың шоқтары кездеседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қоян, суыр, сарышұнақ; құстардан қаз, үйрек, аққу, көл жағалай қызғыш, тауқұдірет, шымшық, далалы жерлерде бозторғай, дуадақ, т.б. мекендейді.
Су торабы Жерүсті сулары Қарасу (Қойбағар саласымен), Құндызды, Сүйгенсай және Тімтуір өзендерінен тұрады. Ауданда бірнеше көл бар. Олар: Алабота, Құсмұрын (шығыс бөлігі), Қойбағар, Тімтәуір, Жаншора, Биесойған және Жекекөл.
Халқы 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 25240 31191 30820 30337 37360 29238 24177 Тұрғындар саны – 25 258 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 28,50%, орыстар – 42,28%, украиндар – 12,04%, беларустар – 4,52%, немістер – 4,45%, молдовандар – 1,19%, шешендер – 0,81%, удмурттар – 0,55%, башқұрттар – 0,54%, әзербайжандар – 0,34%, мордвалар – 0,32%, чуваштар – 0,32%, армяндар – 0,22%, поляктар – 0,20%, корейлер – 0,19%, ингуштар – 0,13%, басқа ұлт өкілдері – 1,41%.
Әкімшілік бөлінісі 39 елді мекен 13 ауылдық округке біріктірілген: + Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Айдарлы ауылдық округі Айдарлы ауылы 4 1158 Жалғызхан ауылдық округі Жалғызхан ауылы 1 548 Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылы 2 1011 Ильичёв ауылдық округі Комсомольское ауылы 3 1167 Қарамырза ауылдық округі Қарамырза ауылы 2 785 Қарасу ауылдық округі Қарасу ауылы 5 4780 Қойбағар ауылдық округі Қойбағар ауылы 2 1853 Люблин ауылдық округі Люблинка ауылы 3 1147 Новопавлов ауылдық округі Новопавловка ауылы 1 761 Октябрь ауылдық округі Октябрьское ауылы 3 3986 Ушаков ауылдық округі Ушаково ауылы 3 459 Черняев ауылдық округі Ленин ауылы 6 958 Шалғышы ауылдық округі Шалғышы ауылы 4 2554
Ірі елді мекендері Елді мекен Халқы (2021) Қарасу 3393 Октябрьское 2423 Железнодорожное 1424 Шалғышы 1332 Қойбағар 1254 Восток 1210 Целинное 877 Люблинка 866 Новопавловка 761 Қарамырза 661 Комсомольское 654 Амангелді 598 Жалғызхан 548 Жамбыл 513 Айдарлы 501
Шаруашылығы Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы — 1,27 млн га, оның 855 мың га-сы — егістік, шабындық — 3,4 мың га, жайылым — 367,4 мың га (2009).
Қатынас жолдары Аудан жері арқылы Қарталы (Ресей аумағында)–Астана темір жол магистралі, одан басқа Қостанай–Қарасу, Қарасу–Қойбағар, Қарасу–Сарыкөл, Қарасу–Шалғыншы, Қарасу–Есіл автомобиль жолдары өтеді.
Дереккөздер
Санат:Қарасу ауданы