Катапульттеу (Катапультирование) — 1) ұшақ апатқа ұшырағанда экипаж мүшелерінің ұшақ кабинасынан амалсыз лактырылуы. Ол үлкен жылдамдықпен ұшқан ұшақ кабинасынан ұшкыштың орынтағымен бірге тез шығуын автоматты түрде қамтамасыз ету арқылы жүзеге асады; 2) кеме палубасынан ұшақтың әуеге көтерілуінің тәсілі немесе катапульт көмегімен кез келген бір заттар тастауы.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс